Білім

Интернет

Саясат

Экономика

Қоғам

Home » Archive by Category

Білім

Веб – сайттарды құрсаулау және реттеу мәселелері
Written by , Thursday, 7 May, 2009 – 20:08 | 5 Comments

Веб – сайттарды  құрсаулау және сүзгіден өткізу азаматтарды ақпарат алуға шектеу қояды. Алайда бұл интернет провайдерлер қызметіне әкімшілік қысым көрсету мәселесінің жартысы ғана. Осы блокировкалаудың арқасында азаматтар интернетке мүмкіндік таба алмай қалады.

Құрсаулау – ақпаратқа шектеу қою, сайттардың айналық нұсқасын шығару, жалған DNS серверін жасау – барлығы сөз бостандығына шек қою тәсілдері.
Көптеген елдерде белгілі бір сайттар ашылмайды. Көп жағдайларда мұндай сайттарда діни экстремистік, терроризм мәселелеріне қатысты материалдар болады. Кейде мемлекет тарапынан веб-сайттарды уақытша құрсаулау шаралары жүргізіледі. Мәселен, адам құқығына, ар-намысына нұсқан келтіргені үшін. «Құрсаулау шараларын жүргізу үшін АҚШ пен Израильде жасалған жаңа технологияны пайдаланылады. Негізінен көп пайдаланылатын SmartFilter және  WebSense бағдарламалары. Кез келген мелекет осы бағдарламаларды алып, қажетті болған жағдайда модефикация жасайды». Read the full story »

Қазақтың бүлдіршіндері батыстағы құрдастарынан ақылды
Written by , Wednesday, 17 Dec, 2008 – 12:42 | 4 Comments

Американдықтың қазақ оқушыларының алғырлығына қызығып, өз елінің білімді адамдарын: «Біз Бораттың елінен қалып барамыз» деп оятуда.

Бұл жайтқа «The New York Times» басылымында жарық көрген мақала себеп болыпты. Ол жерде соңғы бес жылдың ішінде математика мен ғылым саласындағы оқушылардың жарысында Азия елдерінің оқушылары үздік деп танылып жатқаны жазылған. Мәселен, алдыңғы орында Гонконг, Сингапур, Тайван Жапония, Қазақстан тұр.  Әлгі американдық:

«Бұл елдер өздерінің білім жүйесіне америкадан гөрі әлдеқайда аз ақша жұмсайды. Десе де көрсетіп жатқан нәтижелері кісі қызағарлықтай. Бізге де өз білім реформамызды қайта қарастыру керекпіз»,

депті. «Жапонияның біздің алдымызда орап кетуі ғажап емес. Бірақ Қазақстан? Борат фильмімен әжуаланған ел біздің алдымызға түсіп кетті? Қайткен күнде де біз бұл елдерді озу керекпіз» депті. Read the full story »

Британ университеттерінің лекциялары iTunes-те болады
Written by , Wednesday, 4 Jun, 2008 – 13:39 | 2 Comments

BBC News хабарлағанындай Лондонның университеттік колледжі, Дублин университетінің Тринити колледжі, сонымен бірге қашықтан оқыту мүмкіндіктерін ұсынатын Ашық университет өздерінің жетекші ұстаздарының аудио және видео лекцияларын iTunes-те орналастыруға ниет білдіруде.

Егер американ университеттері (Гарвард, Йель, Стэнфорд, Беркли, Массачусет технологиялық институты) мұндай тәжірибені жүзеге асырып көрген болса, Еуропа оқу орындары үшін бұл бірінші қадам.

«Eni» компаниясының гранты
Written by , Wednesday, 7 May, 2008 – 6:18 | No Comment

«Eni» компаниясы химия, өндірістік химия және экономика, физика мамандықтары бойынша  MEDIА  мастерлік курстарында оқуға 50 грант бөледі деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің сайты.

Толығырақ білу үшін сайтқа  барыңыз.

Майра және Ниво Ясыжиро
Written by , Monday, 14 Apr, 2008 – 14:38 | No Comment

Жинап келген ақшасы Токиода емін-еркін ғылыммен айналысуға жетпей қиналып жүргенін білген жетекшісі Арай Сатоаки өз қалтасынан ақша беріп: «Кейін бөліп-бөліп қайтарарсың» депті.

Жапондықтардағы ғылым жүйесіндегі қалыптасқан әдемі дәстүрдің бірі осы болса керек. Ғылыми ізденуші мен жетекшісі ресми емес, бір-бірін бұрын білетін туысқандардай араласады. Кез келген уақытта қол ұшын беруге әзір тұрады. Жапон елінен қазақтарға тән ашықтық пен қонақжайлылықты ұшыратты.

«Жапондықтар жаңашылдыққа құмар халық. Егер бір жақсы жаңалық пайда болса, оны зерттеп өздеріне беймідейді. Білім беру ісінде тұлғалық қалыптасуға баса мән береді» дейді Майра.

– Жапонияда ғылымның қай саласын зерттеймін десең де, зерттеушілер үшін барлық жағдай мен мүмкіндік қарастырылған. Қажетті кітабыңды іздеп, әуре-сарсңға түспейсі, университет кітапханасы қажетті құжаттармен қатар лабороториялық сынақтарға қажетті құрал-сайманыңды да түгендеп береді. Ең әуелі берілген тізімнен өзіңді қызықтырған зерттеу тақырыбын таңдайсың. Тақырыппен толық танысқан соң, шағын эксперимент жүргізіледі. Ол зерттеу бағытын анықтауға жәрдемдеседі. Бұдан соң тақырыпқа қатысты барлық құжаттар толық жиналған соң, арнайы мамандардан құралған комисся алдында ғылыми зерттеудің маңызы мен мақсатын дәлелдеп, ғылыми тақырыптың нақты бағыты айқындалады. Тақырып бекітілген соң, ол туралы мәлімет құзырлы мемлекеттік органдарға хабарланады. Зерттумен толық танысып шыққан соң, өзіңіздің ғылыми көзқарасыңызды танытасыз.

Read the full story »

Жапонияны мойындатқан қазақ қызы
Written by , Sunday, 13 Apr, 2008 – 8:15 | 2 Comments

Польша үкіметі қазақ қызының ғылыми зерттеулерін қорғаныс саласын дамыту үшін пайдалануға рұқсат сұрағанда, қарсылыққа тап боламыз деп ойламапты. Қытайда орта мектепті аяқтап, ғылыми зерттеулерін Жапонияда қорғаған Майра Ерзада: «Ғылыми еңбегімнің жемісін Қазақстанға арнаймын» деп шетелдіктердің ұсынысынан бас тартты.
–Негізінде ғылыми жетекшім Арай Сатоаки зерттеулерімнің қорытындысын поляктарға беруге пейілді еді. Бірақ мен өзім іштей қарсы болдым. Қазақстанда уран өндірісіне ерекше көңіл бөліп жатқанын жақсы білемін ғой… дейді Майра Қазақстанға келген бетте берген алғашқы сұхбаттарының бірінде.

Денки университетінің кампусы

Күн шығыс елінде Токионың Денки университеті, Тошиба компаниясының жұмысқа шақырған өтініші мен сүйікті ұстазы, ғылымның дара жолында бағыт сілтей білген Сатоакидің рухы қалды. Қарсы алдында ата-бабасына арман болған қазақтың сары тап сары даласы, жаңадан бой түзген Астанасы жатыр.

Майра – тағдыры ерекше қаланып келе жатқан қазақтың қыздардың бірі. Қытайда туып, білімін Жапонияда дәлелдетіп, әлем ғалымдарын мойындатқан санаулы дарындылардың қатарында. Read the full story »

Абай мен Шәкәрім қағидалары неге бұрмаланады?
Written by , Monday, 10 Mar, 2008 – 3:47 | 4 Comments

Жабал Шойынбет ағамызды қазақ баспасөзін күнделікті оқып жүргендер жақсы біледі. Ислам діні жанашырларының бірі ретінде қазақ ғалымдардың шығармаларын мансұқтаушыларға қарсы бірінші болып бас көтеретін ғалымдардың бірі. Төмендегі хатында Абай мен Шәкәрімнің шығармалары негізінде ғылыми жұмыс, одан соң оқулық жазып, оны мектеп бағдарламасына ендірген азаматтардың жұмысына қарсылығын баяндайды.

Себебі “Д.Омаров пен Қ.Жүкешевтер жазған докторлық диссертация мен оқулықтарды оқығанда қазақ тілінен, Ислам дінінен және қазақ мәдениетіне арқау болған Шығыс өркениетінен безе қашқыңыз келеді, соншалықты жеккөрінішті етіп жазады!” дейді Жабал ағамыз.

Read the full story »

Нобель лауреаттары-2007: медицина, физика
Written by , Wednesday, 10 Oct, 2007 – 8:31 | 3 Comments

2007 жылғы Нобель сыйлығының лауреаттары белгілі болды. Медицина (физиология) саласында американдық ғалымдар Марио Капекки мен Оливер Смитис, сонымен бірге британдық әріптестері Мартин Эванс осы сыйлықты иеленді.

Сыйлық не үшін берілді?

Ғалымдар гендік жоспарлау атымен белгілі техниканы әрі қарай дамытты, бұл техника көптеген аурулардың пайда болу себептерін түсіндіруге мүмкіндік береді.

Толығырақ мына жерден оқыңыздар. Cілтеме ағылшын тілінде.

Физикадан Нобель сыйлығын Франциядан Альберт Ферт және Алманиядан Питер Грюнберг алды. Оларға сыйлық “магниторезистенция” (Giant Magnetoresistance) эффектін ашқаны үшін берілді.

Толығырақ мына жерден оқыңыздар. Cілтеме ағылшын тілінде.