Интернет
Startup Weekend [стартап уикенд] – идеясын бизнеске айналдырғысы келетін жандарға арналған үлкен мүмкіндік. Ақпан айының 10-12 күндері Астанада ұйымдастырылып отырған шараға технологияға қатысты идеясын бизнеске айналдырғысы келетін кез-келген адам қатыса алады. Read the full story »
Өткен аптада Нью Йоркқа жолым түскен. Уол Стриттегі мына бір көріністі көрдім. Нью Йорк жастары Санта Клаус, эльф болып киініп алып, елдің назарын өздеріне қаратып жүр екен. Содан түсірген видеоны ұсынып отырмын.
Америкада әрбір адам өзінің құқығын жақсы біледі. Әсіресе, әр адамның еркін пікір білдіруге хақысы бар деген заң өмірдің салтына дендеп енген. Read the full story »
Крисмас мейрамы қарсаңында америкалық келіншек Қазақстанның Солтүстігіндегі жетімдер үйіне сыйлықтарын алып бармақ. Төрт баласын Ақкөл қаласындағы жетімдер үйінен асырап алған Ненси Габбардқа қызының “қыста бәріміз тоңатынбыз” деген сөзі түрткі болған. Read the full story »
Жаңаөзендегі оқиға арнайы ұйымдастырылды дегенге сенімім көптеу еді. Әділ Нұрмақовтың “Жаңаөзен” оқиғасы жайлы ақпараттың қалай таралғанына жасаған сараптамасы біраз жайттың бетін ашты.
Әділ Нұрмақовтың Yvison.kz блогында орыс тілінде жариялаған жазбасындағы ойларды түйіндеп ұсынып отырмын:
Жаңаөзендегі оқиға алдын ала ұйымдастырылған: Read the full story »
Мына видеоны таяуда ғана Қазақстанда волонтер болған Алекс Уайт түсірді. Қазақстанның тәуелсіздік күнінде Колорадо штатындағы өз жиендерінің бастауыш мектептеріне барып, Қазақстан туралы арнайы баяндама жасап, дәстүрін таныстырған екен. Read the full story »
Тәуелсіздік күнімен достарымды құттықтайын деп, әлеуметтік желіні ашқаным сол еді, Жаңаөзен жайлы хабарлар көңілімді су сепкендей басты. Толық түсінікті болуы үшін әуелі ресми дереккөзден бастайын. Read the full story »
Ашхабадты көру көптен бергі арманым. Алматыда түркімен студенттермен таныстығым болып, олардың әңгімелерін естігендіктен болар немесе көршілес елдердің арасында тұйықталғандығынан ба, онысын білмедім. Әйтеуір Түркіменстан десе, құлағым елеңдейтін болыпты. Read the full story »
Жобалап алғанда осындай сұраққа жауап таптым. Әлгінде қазақстандықтардың интернетті қолдануына орай жүргізілген зерттеудің нәтижесін көрдім. Бәрінен де төмендегі кестедегі мәліметтер қызық көрінді (үстінен шертсеңіз көлемі ұлғаяды) Read the full story »
Қостанадан шығатын “Наша газета” сайты Қостанай өңірендегі волонтерларды шығарып салу сәтінен видео жариялаған екен. Сапасы онша жақсы болмаса да бөлісуді жөн көрдім.
Шындығында бізде қазақ қоғамында дәл осындай еріктілер ұйымы жоқ. Бұл еріктілердің жұмыс Америка үкіметі тарапынан да жақсы жолға қойылып, барлық ұйымдастыру жұмыстары ескерілгеніне қызығамын. Егер дәл осындай ұйымдар бізде де құрылса, өңірлерде Америка бұрышы емес, Қазақ бұрышы ашылар ма еді…
Жоғарыдағы видеоны көріп болған соң, “Олар мұны неге айтты?” деген сұраққа сіз де жауап іздеген боларсыз. Read the full story »



соңғы пікірлер