Интернет
Кешегі жазбамда Америкадағы Ислам мәдени орталығында, яғни мешітте Құрбан айттың қалай тойланғанын хабарлап едім. Бұл жолы Қазақстанда тұрып жатқан америкалықтың Құрбан айт жайлы жасаған видеосымен бөліскелі отырмын. Read the full story »
“Азаттықтың” Форумхана жобасы жайлы алдында бір жазғаным бар еді. Кешегі өткен тақырыбы блогқа байланысты болғандықтан оған да қатыстым. Read the full story »
Ақтауда белгісіз төрт жігіт Stan.kz журналистері Өркен Бейсенов пен Асан Әмиловты соққыға жықты. Екеуі де ауыр жарақаттанған. Кешелі бері интернетті шарлап кеткен мәліметті тек қана оппозициялық бағыттағы ақпарат құралдары хабарлап отыр. Read the full story »
Алматыда 15 қазан күні “Я.Сенбілік” өтті. Технологиялық шараға жиналғандардың басым бөлігі техникалық мамандар мен бағдарлама әзірлеушілер болды. Read the full story »
Әр дүйсенбі сайын білім гранттары есебінен шетелдік студенттердің тәжірибесін таныстыруды жалғастырамыз. Өткен аптаа Жапонияның MEXT, Американың MUSKIE гранттарын таныстырсақ бұл жолы “Мені қызықтырған Үндістан” блогының иесі Үндістанның ICCR грантымен оқып жүрген Гүлшат Черниязова өзінің жауаптарын ұсынады. Қосымша сауалдарыңызды пікір ретінде жазбаның астына қалдырсаңыз болады. Read the full story »
KazJur.kz блогтұғырнамасының дүниеге келгеніне көп бола қоймаса да, 140-тан аса блог тіркелген екен. Блогтар да жиі жаңарып тұрады. Сенбі сайынғы апталық блог шолуымда Kazjur-дағы соңғы блог жазбаларға шолу жасағанды жөн көрдім. Read the full story »
Алматылық достарымның дені kk.wordpress.com бір ашылып, бір ашылмай қайтадан “ауруға” ұшырағанын хабарлап жатыр. Әуелі тиуттердегі жазбалар назарымды аударды. Суреттердің үстінен шертсеңіз ірі көлемде көре аласыз.
Read the full story »
2007 жылдан бері wordpress.com қазақшаға аударылып келе жатыр. Бұл көптеген интернет қолданушыларға өз ой-пікірін ақтаратын, мұңдасатын виртуалды алаңмен қауышуға мүмкіндік тудырды. Сонымен қатар аударылған жаңа сөздердің қолданысқа түсіп, сөздік қорымыздың толысуына септігін тигізді. Read the full story »
Редактордан: Әр дүйсенбі сайын шетелде білім алудың қыр-сырына қатысты жазбаларды ұсынуды жалғастырамыз. Бұл жолы Америкада білім алуға мүмкіндік беріп отырған MUSKIE стипендиясымен таныстырмақпын. Себебі бұл шәкіртақымен келесі жылы оқығысы келетіндер болса, құжаттарын 1-қарашаға дейін тапсырып үлгеруі тиіс. Менін Америкадағы қызықтарымды жеке блогымдағы жазбаларымнан оқи аласыз, алайда стипендияға қатысты сауалдарды пікір ретінде осы жазбаның астына қалдыруларыңызды өтінемін. Read the full story »
Қазақ блогстанында саясат аз талқыланады. Есесіне отбасылы болу, сүйіктіңді табу т.с.с. тақырыптар үнемі қайталанса да қызығушылығын жоғалтқан емес. Осы аптада «Болашақ» бағдарламасы арқылы Австралияның Гриффит университетінде оқып жүрген Сағынай Батырханованың азаматтық некедегі күйеуінің қолынан қаза тапқаны хабарланды. Аталған хабар шетелде жүрген қазақ қыздарының өзге ұлттың өкілімен отасуының дұрыс еместігін меңзейтін жазбалардың пайда болуына түрткі болды. Read the full story »



соңғы пікірлер