Білім

Интернет

Саясат

Экономика

Қоғам

Home » Archive by Category

Саясат

М.Бұлұтай: “Ал зиялылар (!) жеке басының күйін күйттеп кетті, ел иесіз, қорғансыз қалды….”
Written by , Thursday, 22 Dec, 2011 – 0:10 | No Comment

Электронды поштама жолданған дінтанушы, мәдениеттанушы Мұртаза Бұлұтайдың пікірлерін өзге басылымдар жариялар, жарияламасын білмедім. Сондықтан “Тәуелсіздік күндері жазылған күнделіктерім” деген атпен өрнектелген ойларын сол қалпында жариялап отырмын.

Мұртаза БҰЛҰТАЙ
ф.ғ.к., дінтанушы, мәдениеттанушы

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНДЕРІ ЖАЗЫЛҒАН КҮНДЕЛІКТЕРІМ
16-20 желтоқсан, 2011

(20 жылдығымызға қуанып жүргендегі көрген азабымыз туралы)

Қазақстанның азаттық мерекесі құтты болсын! Еліміз өркендей берсін, мемлекетіміз қуатты болсын, азаматтарымыз еркін ойлайтын, зайырлы, саналы, білімді тұлғалар болсын, ешбір елден дәрежеміз төмен түспесін, береке-бірлігіміз мығым болып, ешбір уайым болмасын! Read the full story »

Жаңаөзен: бүліктің қолдан ұйымдастырылғанына 10 дәлел
Written by , Sunday, 18 Dec, 2011 – 9:49 | No Comment

Жаңаөзендегі оқиға арнайы ұйымдастырылды дегенге сенімім көптеу еді. Әділ Нұрмақовтың “Жаңаөзен” оқиғасы жайлы ақпараттың қалай таралғанына жасаған сараптамасы біраз жайттың бетін ашты.

Әділ Нұрмақовтың Yvison.kz блогында орыс тілінде жариялаған жазбасындағы ойларды түйіндеп ұсынып отырмын:

Жаңаөзендегі оқиға алдын ала ұйымдастырылған: Read the full story »

Туиттердегі Жаңаөзенге қатысты жазбалар қайшылыққа толы
Written by , Friday, 16 Dec, 2011 – 15:50 | 4 Comments

Тәуелсіздік күнімен достарымды құттықтайын деп, әлеуметтік желіні ашқаным сол еді, Жаңаөзен жайлы хабарлар көңілімді су сепкендей басты. Толық түсінікті болуы үшін әуелі ресми дереккөзден бастайын. Read the full story »

Еуразия жұлдызы һәм Түркменстан
Written by , Thursday, 15 Dec, 2011 – 8:55 | No Comment

Ашхабадты көру көптен бергі арманым. Алматыда түркімен студенттермен таныстығым болып, олардың әңгімелерін естігендіктен болар немесе көршілес елдердің арасында тұйықталғандығынан ба, онысын білмедім. Әйтеуір Түркіменстан десе, құлағым елеңдейтін болыпты. Read the full story »

Қазақстанда Бейбітшілік корпусының үлгісінде ұйым құрсақ, қалай болады?
Written by , Friday, 18 Nov, 2011 – 3:55 | One Comment

Джон Кеннеди негізін қалаған Peace Corpus Volonteer (Бейбітшілік корпусы волонтерлері) Қазақстанда өз жұмысын тоқтатады деген ақпарат шықты. Бұл ақпаратты бастапқыда тиуттерден оқысам, кейін Қазақстанда жүрген еріктілер өз блогтарында да жазған екен. Read the full story »

Ресейлік медиа Қазақстанмен қалжыңдағысы келеді
Written by , Monday, 14 Nov, 2011 – 22:14 | 3 Comments

Жоғарыдағы видеоны көріп болған соң, “Олар мұны неге айтты?” деген сұраққа сіз де жауап іздеген боларсыз. Read the full story »

Өзгелер дайын болған “жаңалыққа”, біз неге дайын болмай шықтық?
Written by , Sunday, 13 Nov, 2011 – 8:11 | No Comment

Интернеттегі Қазақстанға қатысты жаңалықтардың жақсысы Ильяның алтын алып, әлем чемпиондығы атағын үшінші мәрте дәлелдегені болса (видеоны жариялаған Нұрғисаға рахмет) , қайғылы хабар 7 адамның өліміне жауапты болған Тараздағы жанкештінің оқиғасымен байланысты.

Қуанышты жаңалықты Тараздағы оқиға су сепкендей басты. Күні бойы сол оқиғаның жетегінде жүрдім. Атырауда болған жарылыстардан кейін бұл жолы бұқараға ақпарат ашық таратылды. Себебі шынайы ақпарат жоқ болған соң оның орнын қаңқу сөз басатыны түсінікті. Read the full story »

Журфак студенттері New York Times-қа орналасуы үшін нені білуі тиіс?
Written by , Saturday, 5 Nov, 2011 – 9:31 | 6 Comments

Вашингтондағы конференциядан үнхабар. Уақытында жариялай алмап едім. Десе де айтылған пікірлер маңызын жоймады деп ойлаймын. Read the full story »

Play
Өркен мен Асанның тезірек сауығып кетуіне тілектеспін
Written by , Thursday, 27 Oct, 2011 – 9:01 | No Comment

Ақтауда белгісіз төрт жігіт Stan.kz журналистері Өркен Бейсенов пен Асан Әмиловты соққыға жықты. Екеуі де ауыр жарақаттанған. Кешелі бері интернетті шарлап кеткен мәліметті тек қана оппозициялық бағыттағы ақпарат құралдары хабарлап отыр. Read the full story »

Қазақ медиасының тоқпағы жайлы ойланып кеттіппін…
Written by , Saturday, 22 Oct, 2011 – 4:27 | 2 Comments

Қазақстандағы ақпарат құралдарын шетелде отырып, бақылаған қызық екен. Қазақстан мүлдем бір қорқынышты мемлекет тәрізді елестейді. Екі жаңалықтың бірі бала тонау, зорлау, одан қалса, жұрт Қазақстаннан үдере көшкелі отыр… Read the full story »