Білім

Интернет

Саясат

Экономика

Қоғам

Home » Archive by Category

Саясат

Либиялық кәмпит
Written by , Friday, 21 Oct, 2011 – 5:41 | No Comment

Кеттік деп едім, қолыма кәмпитті ұстатты. Қуланып жымиып қояды.

Қаддафидің қанға малынған басын әлгінде интернеттен көріп едім. Ұмытып та кетіппін. Әдеттегі әскери формасы мен жалт-жұлт еткен медалді әрі бұйра шашты, сұсты адамның басы бұзақының қолындағы қанға малынып, жалынышты көздері аспанға қарап тұрған суретін көрдім де жаба салғанмын. Өтірік болар деп едім. Read the full story »

Медиа кімді сұлу десе, соған тұрмысқа шығады
Written by , Saturday, 8 Oct, 2011 – 23:33 | No Comment

Қазақ блогстанында саясат аз талқыланады. Есесіне отбасылы болу, сүйіктіңді табу т.с.с. тақырыптар үнемі қайталанса да қызығушылығын жоғалтқан емес. Осы аптада «Болашақ» бағдарламасы арқылы Австралияның Гриффит университетінде оқып жүрген Сағынай Батырханованың азаматтық некедегі күйеуінің қолынан қаза тапқаны хабарланды. Аталған хабар шетелде жүрген қазақ қыздарының өзге ұлттың өкілімен отасуының дұрыс еместігін меңзейтін жазбалардың пайда болуына түрткі болды. Read the full story »

Путин: “Қазақстан піс, аузыма түс”
Written by , Wednesday, 5 Oct, 2011 – 8:34 | One Comment
http://www.izvestia.ru/news/502761

http://www.izvestia.ru/news/502761

Еуразиялық Одақ құруға қатысты ниетін танытқанына қарағанда солай сияқты. Алдағы сайлауда президенттік таққа отыруға дайындалып жатқан Путин “Известия” газетіне берген сұхбатында: “Еуропа мен Азия-Тынық мұхиты аймағында қуатты күшке айналатын Еуразиялық Одақ құруы” жайын айтқан. Read the full story »

Кедендік Одақ елдері әлеуметтік желілерді бақылауға алмақ
Written by , Thursday, 29 Sep, 2011 – 23:19 | No Comment

14 қыркүйекте Минск қаласында ТМД елдері прокурорлар кеңесінде Ресейдің бас прокуроры Юрий Чайка әлеуметтік желілерді қатаң бақылауды ұсынды. Оның айтуынша, бақылау ТМД елдерінде Ұлыбританиядағыдай бассыздықтың алдын алуға септігін тигізеді. Ұсыныс Белоруссия мен Қазақстан прокурорлары тарапынан қолдау тапты. Read the full story »

7-бап: Қылмыскер қылу оңай, болу қиын
Written by , Wednesday, 28 Sep, 2011 – 13:09 | No Comment

Бүгін ҚР Парламентінің сенатында “Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы” Заң жобасы қарастырылмақ. Аталған заңды жалпылай алғанда мәжіліс қолдағанымен, заң жобасының жетінші бабына бұқара қарсы. Read the full story »

Форумхана жаңа медиа сауаттылыққа зәру екенін көрсетті
Written by , Tuesday, 27 Sep, 2011 – 3:41 | One Comment

22-қыркүйек Тілдер күні “Азаттық” радиосы “Форумхана” деген жақсы жобаның тұсауын кесті. Жақсы дейтін себебім форумда пікір қалдырумен қатар, сол форумның модераторын онлайннан тікелей көріп, пікірлесіуге болады. Алғашқы тақырып қазақ тілін дамытуға қатысты сауалдар төңірегінде өрбіді. Модератор – “Азаттық” радиосының тілшісі Үкілай Бестай оқырмандарға төмендегідей төрт сауал қойған екен. Read the full story »

Қазақстан. Қазақ халқы және диаспоралар!
Written by , Sunday, 25 Sep, 2011 – 7:35 | No Comment

Қазір бір кездері кеңес одағының шекпенінен шыққан қай елге көз салсаңыз да барлығында ұлттық өрлеу жүріп жатыр. Әсіресе іргелес Ресейдің жөні бөлек. Бұлар «батыстық демократияны» басы бүтін қабылдамай, өзіндік дербес жолға түсіп, орыс ұлтшылдығын әспеттеуге көшті. Read the full story »

Қазақтың туы жерде жатса да көтеріп қоюға міндетсінеміз…
Written by , Friday, 23 Sep, 2011 – 4:42 | No Comment

Көк туымыз жерде жатыр. Масқара!

Қазақ тілінде осындай сарындағы ақпараттар көбейіп келеді. Тіпті кейде адамдар әдейі жерде жатқан туды тауып алып, соны суретке түсіріп, сол туралы ақпарат тарататын тәрізді. Бірақ бір қызығы сол ақпараттардың қайсысынан болса да жерде жатқан тудың куәсі болған адамның оны көтеріп алып, қастерлегені туралы естімеппін.  Отанды құрметтеуді де міндетсінетін тәріздіміз. Read the full story »

Біз неге тіл мәселесінде жалтақтай береміз?
Written by , Thursday, 22 Sep, 2011 – 3:28 | No Comment
РЕДАКТОРДАН: Қазақстандағы тіл мәселесі өткен апталарда ең жиі талқыланған тақырыптардың бірі болды. Осыған орай neweurasia авторы Жолымбет Мәкішов өз ойларымен бөліседі. Автордың ойлары біреуге тым тұрпайы көрінуі де мүмкін. Олармен келісу, келіспеу әркімнің өз еркінде.   

Қазақ тіліне қатысты туып отырған даудың себебіне үңілсең еріксіз ашуыңды келтіреді. Өйткені бұның барлығы өзіміздегі биліктің саяси солқылдақтығынан туып отырған жасанды жәйттар. Мәселен, өткендегі Теміртаудағы мектепке байланысты өрбіген оқиғаны алайық. Қаладағы 32 мектептің 4-і ғана таза Қазақ тілінде білім беретін болып шықты. Бұны біздің шенді-шекпенділердің білім саясатындағы жіберіп отырған үлкен қателігі, тіпті саяси соқырлығы деу керек. Себебі олар Қазақ тілін өркендету үшін жасалып жатқан шаралардың барлығын жоққа шығарып, қазына қаржысына мектептерде Ресейдің болашақ азаматтарын оқытып әлек болып жатыр. Read the full story »

Еуропа заңы діни тұрақтылыққа кепіл бола алмаса, бізге оны көшіріп не бар?
Written by , Monday, 19 Sep, 2011 – 7:36 | No Comment

Қазақстандағы дін мәселесінің ушығып тұрғанын үкімет енді түсінді. Мәселені шешу үшін тапқан бар айласы: Дін істері жөніндегі комитет құру және Дін туралы заңды күшейту. Осылайша Қазақстандағы дінді “басқаруға” болады. Дінді мемлекеттен бөлек деп жасырып жатпай-ақ, мемлекет діннің дұрыс оқытылуына жәрдемдессе, құба-құп. Себебі мемлекетті құрайтын халық десек, әрі дін ауада емес, халықтың жүрегінде болса, ол қалайша мемлекеттен бөлек болмақ?  Read the full story »