Саясат
Биыл бесінші рет Ұлттық интернет-бәйге AWARD-2007 өткізіліп отыр.
Марапаттау рәсімі 21 қарашада 18:30-де Grand Opera клубында басталады.
Толығырақ мына жерден қараңыздар.
Киевтегі BlogCamp 2007 блогшылар жиынынан соң, ригалықтар өз қалаларында келесі кездесуді ұйымдастыруды қолға алды. BarCamp Baltics 2008 жылдың 25-27 қаңтарында (Ескерту: Ұйымдастырушылар 8-10 ақпанға жылжытты. Суретті қараңыз) Ригада өтеді деп күтілуде.
Қосымша мәліметтердің барлығын арнайы парақшадан қарай аласыз. Бұл жиынға қазақ блогшылары да қатысар деген ойдамын. Тіркеу 15 қараша күні басталады. Бұйртса, Ригадағы жиын туралы қосымша ақпараттар жазып отыратын боламыз. Қапы қалма, қазақ блогшысы!
Егеменді мемлекет атанғанымызға 16 жыл толса да қазақ тілінің жұлдызы жанбай-ақ қойды. КСРО дәуірлеп тұрған 1989-жылдың өзінде тіл жанашырларының белсенді қайрат көрсетуінің арқасында, мемлекеттік тіл мәртебесін алған қазақ тілі содан бергі уақыт аралығында барынша тұқыртылумен келеді. Кезінде қазақ тілімен қатар орыс тіліне де мемлекеттік тіл мәртебесін беру мәселесі көтерілген болатын. Алайда ол идея елеулі тойтарыстарға тап болғаннан кейін билік өз дегенін жүзеге асыру мақсатында үш тұғырлы тіл (триединство языков) деген жаңа тәсілді ойлап тапты. Сонда қалай, артық-кемі жоқ бір-бірімен тең дәрежеде қолданылатын үш тұғырлы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің қайсысы мемлекеттік тіл мәртебесіне ие? Әлде үшеуін де мемлекеттік тіл деп қабылдаймыз ба?
Read the full story »
Негізі сурет түсірген күні ауа-райы жақсы және күн ашық еді. Бірақ түс кезі болса да көлді тұман басып тұрғандай болады екен.
Сөздердің түсіндірмесін жазуға енді қолым тиіп отыр. Сонымен ең оңайынан бастайын.
Nano – метрдің миллиардтан бір бөлігі.
Plasma – телевизо экранының бір түрі
Megahertz – процессордың жиілігі туралы, 1 мегагерц – секундтағы миллион тактқа сәйкес.
Cell – ұялы телефон атауындағы тіркес.
Kernel – Windows немесе Linus жүйесінің ядросы
Flash – флэш-жад (энергия көзінен тәуелсіз жад).
Cookie- куки – қолданушының компьютерінде веб-сервер сақтайтын қызметтік ақпарат
De-duplication – қатқыл дискіден қайталанатын ақпаратты жою процесі.
Blu-Ray – «көк» лазерді қолданып жаңа буын DVD-іне жазу форматы.
Сонымен ең қиыны iPod болып отыр. Бұл сөздің пайда болуының бірнеше варианттары ұсынылады. Соның бірі Wired журналының ұсынған түсіндірмесі. Жалпы «pod» сөзінің мағынасын ағылшын сөздігінен қарасаңыздар болады
. Ал бұл жердегі «pod» «2001. Космостық Одиссея» филміндегі құтқарушы модульді білдіреді дейді білетіндер.
Оған iMac – қа ұқсатып алдына «i» қосып қойған, сөйтіп «iPod» атауы пайда болған.
Дегенмен «iPod»-тың не екені түсініксіз болып қалды
Қазанның 29-31 аралығында Қарағанды қаласына іс сапармен барып қайттым. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде “Орта білім сапасы: жағдайы, бағалау, басқару” атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар өтті. Халықаралық деңгейге кішкене жетпей қалған сияқты, өйткені шақырылған қонақтар және сөз сөйлеушілер (Ресейден) бір себептермен қатыса алмады, тек қана Самара қаласындағы “Тәуелсіз білім беру сапасын бағалау және білім беру аудиті орталығының” директоры Чупин мырза ғана келді.
Негізгі ұйымдастырушылар ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Ұлттық білім беру сапасын бағалау орталығы болды. Ұйымдастырушылардың сөзіне сенсек семинарда жасалған презентациялар жақын арада Ұлттық білім беру сапасын бағалау орталығының сайтында жарияланатын болады және қызығушылық танытқандар сол жерде семинарға қатысты ақпаратты таба алады деп сенемін
Бұл семинарда бұрын түрлі конференцияларда кездесіп жүрген Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Қарағанды қалаларының мамандарымен тағы да жүздестік, әсіресе атыраулық Гүлнәр Шамратқызымен кездесуіміз, ол да, мен де бұл жерде бір-бірімізді көреміз деп ойламаппыз.
Қарағанды өзіме жайлы ауа-райымен қарсы алып, шығарып салды.
Әлия Алханның Америкада тұрып жатқанына 15 жылдан асты. Осы уақыт ішінде ол ұдайы Америкадағы қазақтардың бауырласуына үлес қосып келеді.
Ол тек қана американдықтар асырап алған қазақ балаларына қазақ тілін үйретіп қана қоймай, сонымен қатар атаулы күндері америка қазақтарының (оқып жақтан қазақ студенттері де бар) басын қосып, бір іс-шара ұйымдастыруды әдетке айналдырған. Бүгін маған Республика күнінен бір суретін жолдапты.
Сахнадағы әп-әдемі қазақ келіншегінің бет-аузын құбылта түсініксіз дыбыстар шығарып, ән салғанын көргенде: «Бұның несі өнер?» деп әрі-сәрі күйде қалғаным бар. Ән салды деген аты ғана. Әйтеуір қазақтың ескі өмірін жадыңа оралтатын бір сиқырлы әуезі ғана бойыңды шымырлатып, өне бойыңды тітіркендіреді. Шетелден келген қазақ қызы Сағадат Түркөздің осы өнерін күллі Еуропа тікесінен тік тұрып тамашалайды. «Сонда біз неге түсінбейміз?» деген сан сауалдардың жауабын таппақ үшін, әншінің өзін іздеген едім.
– Сіздің шетелде музкант болып қалыптасуыңызға не әсер етті?
– Бұл сұраққа жауап берместен бұрын, әуелі, мені өсірген ортаға назар аудару керек шығар. Мен Мәрмәра теңізінің жанында тудым. Әке-шешем қытай үкіметінің Шығыс Түркістан қазақтарына көрсеткен қысастығына шыдамай Түркияға көшуге мәжбүр болған. 1939 жылы Қытайдың саясатына қарсы болған бірнеше адам айлар бойы түйемен, атпен Гималай тауларынан асып, Үндістанда тұрақтады. Одан соң Пәкістанда он үш жыл тұрды. 1953 жылы Түркияға келді. Сөйтіп мен 1969 жылы Түркияда дүниеге келдім. Олар бізге Орта Азия шыңдарының ауыз әдебиеті мен музыкалық дәстүрін мұраға қалдырды. Олардың алыс елдері туралы аңыздары мен Түркияға жету жолындағы қиындықтары, қазақ қоғамы күні бүгінге дейін менің музыкант ретінде қалыптасуыма тікелей әсер етіп келеді.
Read the full story »
The Global Language Monitor компаниясы ақпарат құралдары жоғары технологиялар туралы жазғанда көп қолданатын, бірақ мамандар да мағынасын түсіндіруге қиналатын, он сөздің тізімін жариялады. Олардың қатарына мына сөздер кіреді:
1. iPod
2. Flash
3. Cookie
4. Nano
5. Kernel
6. Megahertz
7. Cell
8. Plasma
9. De-duplication
10. Blu-Ray
Сауалнамаға MIT, Caltech және Stanford университеттерінің студенттері қатысқан.
Ал сіз бұл сөздерді түсіндіре аласыз ба?
Келесі жолы мағыналарын жазамын

.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)




соңғы пікірлер