Білім

Интернет

Саясат

Экономика

Қоғам

Home » Archive by Category

Саясат

Әріпке ескерткіш
Written by , Monday, 1 Oct, 2007 – 18:18 | No Comment

Ресейдің Ульяновск қаласында “ё” әрпіне ескерткіш қойылған. Бұл әріптің «атасы» деп Михаил Карамзин аталады.

1997 жылы “ё” әрпінің 200-жылдығы аталып өткенде ескерткіш қою туралы сөз басталады. Кейін 2001 жылы бұл идея қайта жанданып ескерткіш орнатуға байқау жарияланады. Суретші Александр Зинин байқаудың жеңімпазы болады және бұл әріп ең бірінші рет 1797 жылы “Аониды” кітабында қалай жазылса, сол күйінде келтірілген дейді.

Төменде ескерткіштің суреті. Сурет мына жерден алынған

Ал сіз қай әріпке ескерткіш қояр едіңіз? :)

Ескерту: сілтемелер орыс тілінде 

Таланттардың глобалды индексі
Written by , Thursday, 27 Sep, 2007 – 6:34 | No Comment

Сіздер «Таланттардың глобалды индексі» (GTI — Global Talent Index) дегенді естулеріңіз бар ма? Мен бүгін ғана естіп отырмын. Сондықтан осы туралы жазуды жөн көрдім.
Жақында Heidrick & Struggles және Economist Intelligence Unit бірлесіп өткізген зерттеулерінің нәтижелерін жариялады. Бұл зерттеуде дүние жүзінің 30 елінің кәсіби мамандарды дайындау потенциалы мен оған қажет жағдайлар бағаланған еді.

Әр елдің GTI-ын бағалау үшін жеті тәуелсіз көрсеткіштер қолданылды: демография, міндетті жалпы орта білім жүйесінің сапасы, университеттер мен бизнес-мектептерде оқыту сапасы, мамандарды тәрбиелеу ортасының сапасы, еңбек нарқының ашықтығы және мобилділігі, шетел инвестицияларын және басқа елдерден мамандарды тарту.
2007 жылы бірінші орында АҚШ, екінші орында Канада, үшінші – Нидерланды, төртінші – ҰлыБритания, сегізінші орында Қытай, он сегізінші орында Ресей тұр.

Сонымен бірге олар 5 жылдан кейін, яғни 2012 жылы осы 30 ел қалай орналасатынын да болжаған. 2012 жылы бірінші – АҚШ, екінші орынға ҰлыБритания, алтыншы орынға Қытай шығады. Ал Ресей сол 18 орында жылжымай қалады.

Алматы автобусы: үрей мен үміт
Written by , Thursday, 27 Sep, 2007 – 1:20 | 4 Comments

Әрбір алматылықтың күнделікті өмірінің кем дегенде 30 минуты қоғамдық көлік ішінде өтеді. 2 млн. көлемінде тұрғыны бар қаладағы автобус ішінде куә болған жайлармен бөліскім келеді.

Қауіпсіздік. Алматыдағы көлік тығындары есебінен қоғамдық көліктер өздерінің белгілі жүретін уақыттарынан кешігеді. Сол себепті үнемі бірін-бірі қуалап жүреді. Жолаушылар таксиді қалаған жерінде тоқтататындықтан, автобус кейде кілт тоқтап қалуға мәжбүр. Сол кезде салон ішіндегі жолаушылар қоғадай жапырылып, кейбіреулері тіпті құлап та қалады. Әзірге бір жігіт ағасы мен қыз баланың құлағанын өз көзіммен көрдім. Кішкентай бүлдіршіндерді айтпағанда, егер жүрегі дімкәс біреу болса, өліп кетуі де мүмкін ғой.

Баға. Қыркүйектің басында кешкі сағат сегіздер шамасында №118 бағыттағы автобусқа отырдым. Кондуктор: “Сағат сегізден кейін студенттік билеттер жарамсыз” екенін отырған соң барып айтты. “Қалайша?” деймін мен “Студенттер сонда адам емес пе? Олар кешкі сағат сегізден соң, көшеге шықпай қамалып отыруы керек пе?” десем, әлгі кондуктор: “Бұйрық сондай” дейді. “Бұйрығыңды көрсет. Қалалық мәслихаттың ондай шешім шығаруы мүмкін емес дедім. “Сенбесеңіз шығар есіктегі жазуға қараңыз” деді. Амал жоқ, қасымдағы досым 40 теңге төледі. Себебі шығар есікке дейін барып, жазуды оқып орнымызға қайта отыра алмас едік. Кейін шығар кезде бақсам, ондай шешім шығармапты. Жүргізуші мен кондуктордың келісіп істеген айласы. Бір қызығы сол күні көлікке отырған студенттердің ешбірі қарсылық білдірместен жолақының толық құнын төлеп келді. Студенттер өз құқықтары үшін күреспейтіні өкінішті…

Read the full story »

Қазақстан – 2030
Written by , Monday, 24 Sep, 2007 – 16:13 | 10 Comments

Суретке қарап отырып, Қазақстан 2030 жылы осындай күйге түседі екен деп ойлап қалмаңыз. Бұл бір қолдан жасалған сурет емес. Қазақтың кең байтақ даласындағы “үйдің” суреті. Шамасы бақташы бір ағамыз салақ бір шенеуніктің кеңесесінің маңдайшасына ілінген ұран сөзін тауып алып, өткен-кеткен жолаушы адасып кетпесін деп өз үйінің маңдайына қыстырып қойса керек. Суретпен бөліскен Аршатқа үлкен алғысымды білдіремін.

Әлемнің 2053 жылғы картасы
Written by , Monday, 24 Sep, 2007 – 11:13 | 6 Comments

Әлемнің 2053 жылғы картасы мүлдем басқаша көрінеді екен. Орыс мұжығы Михаил Юрьев ( 1995-1999 орыс думасының спикері, 1993-1995 жылдары Ресей үкіметінде қызмет атқарған) тің болжамынша дүниеде бес ірі ел ғана қалады екен.
Олар:

  1. Америка Құрамасы: Оңтүстік пен Солтүстік Американы бағындарады мыс
  2. Үндістан Одағы: Үндістан және Бирма
  3. Азия республикалары: Қытай жаулайтын Моңғолия, Жапон, Папуа жаңа Гвинея, Австралия және Жаңа Зеландия
  4. Ислам Халифаты: Африка, Сирия, Ирақ, Иран, Армения, Түркменстан, Өзбекстан, Пәкістан және Индонезия
  5. Ресей Империясы: Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Әзірбайжан, Гүржстан, Түркия, Лебан, Израил, Иордания, күллі Еуропа және Гринландия

Read the full story »

Сағынып күткен сауапты ай
Written by , Wednesday, 12 Sep, 2007 – 13:21 | 4 Comments

Менің «Жаңа Жылым» жыл сайын сағындырып жететін Рамазан айынан басталатындай болады. АллаҺ Тағаладан әуелі денсаулық, сабыр, қанағат -тауфиқ бере гөр деп ниет етуден бастаймын және осы тілекті барша мұсылманға тілеймін.
Ораза ұстаған адам ұрыс-керіс, реніш -ашудан аулақ болса, бір ай бойында қалыптасқан әдеп бір жылға жететін әдетке айналады. Таңнан кешке дейін нәпсіге ие болу оразаның алғы шарты ғана. Бұл шыдамдылықтың астарында айқайлап айтылмайтын, сырт көзге байқалмайтын үлкен тәрбие жатыр.

1 – Ораза адам өмірін тәртіпке келтіреді.

2 – Ораза адамның ерік жігерін тәрбиелейді, жаман нәрселерден қорғайды.

3 – Ораза ождан деген түйсікті дамытады.

4 – Ораза уақытында ауқатты адамдар тарапынан кедейлерге берілетін көмек; бай кедейлердің араласуын, достықты бір қалыпқа түсіреді.

5 – Ораза байлардың жүректерін жұмсартады, мейірім түйсігін оятады. Сабыр сақтауға үйретеді. Мықты, қажырлы, дені сау адам етіп тәрбиелейді.

6 – Ораза азғындыққа, жамандыққа бөгет.

7 – «Ораза-денедегі жылдар бойы жиналған уларды және кірлерді сыртқа шығарудың ең тура жолы» (Х.Лутанер)

8 – «Ораза пышақсыз жасалған операция» (Опо Бучиргер)

9 – «Ораза мен аштық екеуінің арасындағы айырмашылық-адамның ниеті. Ораза өз қалауымен болатын іс-әрекет. Сол себепті ораза ұстаған адам ашытықты сезбейді» (Халга Бухлер)

10 – «Ораза әр ауруды жылдам емлеумен қатар, артық салмақтан арылуға көмектеседі. (Жосеф Шеппак)

Read the full story »

Намыссыз дарын сатқындығы
Written by , Wednesday, 12 Sep, 2007 – 12:33 | 2 Comments

немесе
БІРІНШІ МЕН ОНЫНШЫ КЕЗЕКТЕГІ ІСТІ ШАТАСТЫРҒАНДАР

Мұхтар ШАХАНОВ

Үш жүз жылдай түсіп келген илеуге
Ұлттық сана жылдан-жылға күйреуде.
Ана тілін менсінбеген мәңгүрттер
Неге құштар қазақ халқын билеуге?

Read the full story »

Текелідегі теңге тіршілік
Written by , Tuesday, 11 Sep, 2007 – 20:07 | No Comment

… «Мынау шалбар 200 теңге тұрады», – дейді Майгүл жасыл шалбарды нұсқап.

Сатып алушыларын күтіп тұрған дүкен ілгіштеріндегі джинси күртешелер мен мақта матадан тігілген шалбарлар Текелінің ұзын көшесіндегі аялдамалар тәрізді үнсіз. Жалғыз терезеден түскен жарықтан бөлме жартылай көлеңке. Ала-шұбар киімдерден неміс тазалығының иісі аңқиды. «Second Hand» дүкеніндегі тауардың дені «Rottes Kreuz» (Қызыл айқыш) қайырымдылық қорына өткізген мейірімді немістердің дүниелері. Бұрындары бұл қалада немістер көп тұрыпты десе-ді. Екі аптада бір рет Германиядан
Текелі «Second Hand»-ына «жаңа» тауар түсіп тұрады. Өздері жоқ болса да көздері қалыпты, пәтшағарлардың…

әлемдегі ұзын көшелердің бірі…



Read the full story »

Жазулар
Written by , Tuesday, 11 Sep, 2007 – 7:46 | 11 Comments
Кофехана


Әуежай – уезжай



Сөзім жоқ
Written by , Monday, 3 Sep, 2007 – 7:15 | 3 Comments

Бүгін Қазақ ақпарат агенттігінің «Анонс» айдарынан келесі ақпаратты оқып, не ойларымды да білмедім:

ҚР Премьер-Министрінің кеңесінде 2007 жылғы қыркүйектің 5-іне дейін елдің әрбір азаматы мектептердің жаңа оқу жылына дайын еместігі жайындағы фактілерді хабарлай алатын сенім телефоны жұмыс істейді.

Хабарламаларда білім мекемесінің атауы мен мекен-жайы, сондай-ақ ақпарат берушінің аты-жөні, оның үйінің мекен-жайы мен телефоны көрсетілуі тиіс. Жасырын ақпараттар қаралмайды.

8 (717-2) 74-57-64 e-mail: kurpebaeva@global.kz