Саясат
Орта Азияның кейбір елдеріндегі әлеуметтік-экономикалық ахуалдың нашарлауы Еуропаға жұмыс іздеп барушылардың жаңа легін құрап отыр. Қауіптің алдын алу үшін Еуропалық Комиссия мигранттар мєселесін бірден Орта Азияда шешуді ойластыруда.Орта Азиядағы көші-қон мәселесі еуропалықтарды алаңдатып отыр. «Орта Азиядағы Еңбек миграциясы» жобасын жүзеге асыру үшін 1.9 млн. еуро жұмсалмақ. Бұл қаржы Қазақстанға көрші елдерден келіп жатқан мигранттардың құқықтық сауаттылықтарын ашуға жұмсалады. Екі жылға жоспарланған «Орталық Азиядағы еңбек көші-қон жөніндегі» жобаның мақсаты – Орталыќ Азия мен одан тыс елдердегі еңбек көші-қоны жағдайын жақсарту. Жобаның 88 пайызын (1.6 млн. Еуро) қаржыландырып отырған Еуропалық Комиссия Қазаќстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстандағы көші-қон жүйесінің жетілдірілуіне мүдделі.
Кәрі құрлық Еуропа мигранттардың елге әкелер пайдасы мен зиянын жақсы біледі. Қазақстан Республикасындағы Еуропалық комиссия делегациясының басшысы Андриан ван дер Меер: «Қазақстан үшін миграциялық мәселелерді реттеп алу аса мањызды», – деп санайды. Қазақстанда дәл қазіргі уақытта қанша келімсектер жүргенін дөп басып ешкім айта алмайды. Халықаралық Көші-қон Ұйымының Қазақстандағы өкілдігінің басшысының міндетін атқарушы Екатирина Бадикова: «Орта Азия елдерінде еңбек миграциясына байланысты мәселе ушығып тұр. Біз әлі күнге дейін аймақта қанша мигранттар бар екенін білмейміз. БАҚ беттерінен 200 мыңға жуық дегенді оқыдым. Жеке өз басым қазақ даласында нәпақа іздеп келгендер саны бұдан екі есе көп пе деймін», – деді. Көрші елдерден Қазақстанға келіп жұмыс істеушілердің барлығы заңды түрде тіркелмейтіндіктен бұл сан бұдан бірнеше есе көп болуы да мүмкін.
Жобаны жүзеге асырушылар Қазақ Үкіметімен, Парламент депутаттары жєне үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе жұмыс істеуді жоспарлауда. Өзбек, қарақалпақ, тәжік, қырғыз тілдерінде Қазақстанға жұмыс іздеп келген жұмысшылардың заңдарын түсіндіретін кітапшалар шығарып, таратпақшы. «Егер жақын шетелден келіп жатқан мигранттар өз заңдарын дұрыс білетін болса, көші-қон мәселесін ушықтырмай дұрыс реттеуге болады», – деп санайды Бадикова ханым.
Қазақстан жақын шетелден заңсыз жолмен келіп, еңбек етіп жатқан келімсектерге өз жұмыстарын заңдастыруға мүмкіндік берген еді. Өкінішке қарай бұл мүмкіндікті бәрі бірдей пайдалана алмады. Қазір заңсыз жұмыс істеп жатқан шетел азаматтарын Көші-қон полициясы елдеріне кері қайтаруда. Осы орайда «Орталық Азиядағы еңбек көші-қоны» жобасын әзірлегендер қажет болса, жүйесін де енгізуді қалайды.
Жабық, құпия мәліметтер де күндердің күнінде (толық болмаса да) көпшілікке белгілі болатынының бір мысалы ретінде Софья Корниенконың мақаласын келтіруге болады.
Голландияда мамыр айының соңында Нидерланд әскери құжаттар институтының ғылыми қызметкері Херард Аалдердің (Gerard Aalder) құпияға толы Билдерберг конференциясы туралы кітабы жарық көрді. Бұл конференция – жыл сайын өткізілетін саясаткерлер, танымал кәсіпкерлер, алдыңғы қатардағы дүниежүзілік Бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары қатысатын жабық съезд. Осы уақытқа дейін ешкім – бұл тек ғаламдық элитаның клубы ғана ма, жоқ әлде онда маңызды шешімдер қабылдана ма деген сұраққа жауап берген жоқ. Автор бұл зерттеуді Лондон архивінде кездейсоқ тауып алған клуб мәжілісінің құпия хаттамаларының негізінде жүргізген.
Королева Беатрикстің әкесі Принц Бернардтың сарай биографы Элден Хэтчтың (Alden Hatch), естеліктерінен үзінді: «Бұл кездесу туралы ешқандай ашық хабарландыру берілген жоқ. Мейманхана жан-жағынан күзетшілермен бақыланып тұрды, бірде-бір журналист мейманханаға бір шақырымнан жақын жолай алмады. Кездесуге қатысушылар конференцияда талқыланған мәселелер туралы «жұмған ауыздарын ашпауға» сөз берді.»Бұл конференция Нидерландтың шығысында орналасқан Hotel Bilderberg-тің құрметіне аталған, осы жерде 1954 жылдың 29 -31 мамырында ең алғаш рет өткізілген болатын. Батыстың «суперэлитасының» клубын құру идеясын саясаткер және философ Джозеф Ретингер айтқан болатын, ақпарат құралдары оны кейде «халықаралық шпионаждың торындағы өрмекші», кейде «европеизмнің апостолы» деп те атайды. Тегі бойынша поляк Ретингер Англияда тұрып, Еуропа мен АҚШ-тың беделді адамдарымен араласты. Елуінші жылдардың басында Ретингер және батыстың бірнеше бизнесмендері Голландия принці Бернардқа белгілі саясаткерлер мен өндіріс иелерінің бейресми басқосуларын ұйымдастыру туралы ұсыныстарын айтады. Клубтың төрағалығына Бернардтан артық ешкім жоқ еді, голландтық тарихшылардың сөзімен айтқанда «ideale boegbeeld», яғни «кеменің басындағы идеалды тұлға». Принц адамдарды танитын, шағын елдің өкілі болса да, адамдарды өзіне тарта білетін және патшаға тән айбыны да бар еді. Ол барлық қатысушыларды өзі шақыратын және американдықтарды тарту үшін бар күшін салды. Жиналыстың құпиялылығы оны одан да белгілі ете түсті. Бернардтың бірінші конференцияның қатысушыларына арнаған сөзінен: «Біз сіздерді ойларыңызды ашық және бүкпесіз айтуға шақырамыз. Айтылған сөздеріңіз еш жерде жазылмайды. Бұқаралық ақпарат құралдары болмайды, сондықтан сіздер өздеріңізге ерік берулеріңізге болады, егер маған осылай айтуға рұқсат етсеңіздер.» Read the full story »
Қазақстанның «нұрлы» жастары 4 маусым күні «Менің Қазақстаным» атты Жастар форумын ұйымдастырды. «Нұр Отан» партиясының қолдауымен ұйымдастырылған шараны «Хабар» арнасы көпшілікке көрсетті. Бұл күн Қазақстан тарихында бұдан былай «Мемлекеттік Рәмздер күні» деп аталатын болды. Мемлекеттік «Хабар» агенттігінің белгілі бір саяси партияның акциясын көрсетуі «БАҚ туралы» заңға қаншалықты сай келеді екен? Бюджет ақшасы есебінен осындай шоу өткізгенше, «ҚР Жастар саясаты туралы» заңның орындалуына баса назар аударса, қатып кетер еді. Себебі жастар үшін деп жазылған заңның әлі де шикі тұстары бар. Елімізде айтқаныңа көніп, айдағаныңа жүретін «құрықталған» жастарға ғана жол салынуда. Жалпы еліміздегі жастарды бөліп жаруды бізге биліктің өзі үйретті. Ауыл мен қалада өмір сүретіндерге еріксізден еріксіз қыр баласы мен дала баласы немесе Асан мен Үсеннің есімі танылды. Одан қалды грант пен ақылы топтың балалары деп бөліну басталды. Мемлекет алғашқылардың басынан сипап, маңдайынан өбеді. Білімді ақылы негізде алғандар мемлекет бекіткен жеңілдіктерден құр қалған. Бұның барлығы «Қазақстан Республикасындағы Жастар саясаты туралы» заңында тайға таңба басқандай көрсетілген. Жастарды білімі мен біліктілігіне, жас ерекешелігіне бөліп, саясат жүргізудің салдары сәтті болып жатса, құп көрер едік. Бірақ дәл қазір мемлекеттің негізін құрайтын қазақ жастарының құқықтары ескерілмей жатыр. Ең біріншіден, «Қазақстан Республикасындағы Жастар Саясаты туралы» заң әуелі орыс тілінде жазылып, қазақ тіліне тәржімаланғаны қазақ тілді жастардың құқы ескерілмегенін көрсетеді. Орыс ойлы азаматтар заңды Қазақстанның болашағы әрі негізгі әлеуетті күш саналатын қазақ жастары мүддесі тұрғысынан жазбаған. Мәселен, аталған заңның 6-бабының 8-тармағындағы: «бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк бiлiм гранты бойынша оқитындар үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мөлшерде және тәртiппен ай сайынғы мемлекеттiк стипендия алуға;» сөйлемі тәртіпсіз студенттерді тәртіпке шақырып, стипендияның мөлшері бірнеше заңда көрсетілгендігін түсіндіреді. Стипендияның көлемі нақтылы қай заңға байланысты құбылатындығы және стипендия уақытылы төленбегендігі жайында ештеңе айтылмаған. Тіпті стипендия алты ай кешігіп төленсе де бұған жауапты кімнен талап ететіндігіңді де білмейсің.
Заңда 14 пен 29 жас аралығындағы Қазақстан азаматтарын жастар деп танитындығы көрсетілген. Отызды орда бұзар жас санайтындар үшін мұндай шектеу қорлық іспеттес. Отыздағы жігіт ағасына жас еместігін бетіне басып айтып көріңіз… Заңға салып қарайтын болсақ, отызға келген азамат жоғары оқу орнын аяқтап, әскери борышын өтеп, жұмысын тауып, үйленіп, баспаналы болып үлгереді де «жастар» категориясынан шығады. Әйткенмен бүгінгі қалыптасқан экономикалық, әлеуметтік ахуал дәл осы тізбек бойынша өміріңді жүйелеуге мұрша берер емес. Он алты жасында мектеппен қоштасып, 22 жасында ЖОО бітіріп, бір жыл әскерде борышын өтеген соң, «жастар» қанша жыл жұмыс іздеп сандалады. Одан қалды баспана алу туралы қиялдаудың өзі мүмкін емес. Ол қашан үйленеді десеңізші… Яғни заңның негізі дұрыс болғанымен, бұл заң алда болар экономикалық-әлеуметтік өзгерістерді болжай алмаған. Заң өзінің өміршең еместігін, әлі де толықтыруды қажет ететіндігін көрсетіп отыр. Екіншіден, заңгердің емес орта деңгейлі оқырманның көзімен қарағанда, бұл заңда Ата заңның баптарын қайталау басым екені аңғарылады. Мәселен, Read the full story »
Үйі жоқтың күйі жоқ дегені рас−ау. Соңғы екі−үш күн бойы мүлдем ұйқым қашып кетті не тәбетім болмады. Есіл−дерті жөні түзу үй табу болатын… Кешеден бергі күнім пәтер іздеумен өтті. Бүгінгі күн өте ұзақ болған тәрізді. Таңертеңнен бері Талас телефоннан түспеді. Жазиролла заттарды салатын қораптарды іздеді. Рүстем жұмысынан сұранып кету үшін кеткен. Мен болсам, газеттен, интернеттен пәтер іздедім. «Крыша» мен «Недвижимость Без Посредников» еді арқа сүйегеніміз. Бір бөлмелі пәтердің бағасы 450−500 АҚШ долларына шығып кетіпті… «Крышаның» интернеттгі сайтында www.krisha.kz жалға берілетін пәтерлер тізімі жарты сағат сайын жаңаланып тұрады екен. Бірақ өте қымбат. Удай. Оған маклерге беретін жүз долларды тағы қос. Сонда бір бөлмелі пәтер шамамен 600 АҚШ долларына шығады. Әрине қаланың шетінен арзандауын да таптық. Бірақ онда не ыстық су жоқ және қалаға қатынайтын қоғамдық көлік те жоқ. Бір қызығы газеттегі әрбір екінші хабарландыру маклердікі. Тікелей қожайынға түсу өте қиын.
Намысыма тигені көпшілігі дерлік ер балалардан шошиды. Тіптен жалға пәтер бергісі келмей азар−безер болғаны бар. «Әйел қауымы, біз Сіздерге не жазып едік?» дегің−ақ келеді. Сөйтсем, бұным жай екен. «Только русским» деген құлақтандыруды да көрдім. Телефонына звондап: «Қазақ адам емес пе?» − деп айғайлағым келді. Сөйтсем, «толька девушкам казашкам» дегендер де бар екен.
Халықаралық ұйымның қазақ тілінде де блог жүргізе бастағаны көңілге қуаныш ұялатады. Бірақ кімнің қандай ниетпен амал қылып жатқаны бір Аллаһқа аян. Бастап жатқан амалымыз жақсылыққа қарай бағытталсын деп тілейік. Менікі – әлдебіруге өз ой-пікірімді тықпалау емес, кей кездері сыртқа айтылмай іште шерменде қалатын ойларыма бостандық беру.
Бүгін Халықаралық Банкте болдым. Қазақ тілді журналистерден жалғыз болдым десем, артық айтқаным емес. Бір қызығы «Татаринфо» атты басылымның бір қызметкері қатысты. Татарстанның да қазақ даласындағы өзгерістерге мұқият қарай бастағандығы ел мәртебесінің өскені деп түсіну керек шығар. Олар Орта Азиядағы Корпоративті Басқару жөнінде семинар өткізді. Елімізде қай бір бизнес құрылымда корпоративті басқарылым дамыды дейсің… “Нұрбанк”, “Көмірбанк”, “Шахармұнайгаз”, “Валют Транзит Банк” оқиғалары қазақ компаниялары Корпоративтік басқарылымды тек көзбояушылық үшін ғана бетперде қылып жүргенін айғақтап берді. Тонап жатыр-ау бізді. Біз болсақ “мыңқ” етпейміз…
Корпоративтік басқарылымдар шындығыда бізге емес, компанияларға халықаралық аренаға шығып, байлықтарын көбейту үшін қажет. Әйтпесе, біздің қамымызды ойлап, өз жұмыстарын таза жүргізіп жатыр деймісің. Мәселен, Лондон Қор Биржасында ойын жүргізетін «Қазақмыс» корпорациясы ескі акциялары бар жандарға жаңа акцияларды бермей жүр. Бұны көпе-көрнеу алдау емей не дейміз? «Қазақмыс» шахталарында қаншама жұмыскерлер көз жұмуда. Тозақ өмір кешіп жүрген қарапайым шахтерлер үшін Ким бас қатырып жүргеніне өз басым сенбеймін. Байлықты өзгенің қолына ұстатып қойып, қарап жүрміз. Егер ұлттық экономикаға шынымен-ақ жаны ауырып, балтыры сыздар болса, баяғыда-ақ шикізатты сыртқа сатпай, өнім шығарар бір өндірісті іске қосар еді. Қазақтың бір де бір компаниясының Нью-Йорк Қор биржасына ұмтылмауы да осыдан. Ол биржаға тіркелу үшін жұмысың мөп-мөлдір, тұп-тұнық болмағы керек. Біз болсақ, Нью-Йорк сұраған мөлдірлікке жетпедік немесе Нью-Йорк бізден мүмкін емес нәрсені сұрап отыр. Read the full story »



соңғы пікірлер