Білім

Интернет

Саясат

Экономика

Қоғам

Home » Archive by Category

Саясат

Туиттер министрлердің қазақшасына қалай әсер етті?
Written by , Wednesday, 11 May, 2011 – 7:05 | One Comment

Осыдан біршама уақыт бұрын Үкімет басшысының туиттері әуелі орыс тілінде сосын қазақ тілінде шығатынын айтып, ойымды жазған едім. Аз уақыттан соң үкімет басшысы әуелі туиттерін қазақша сосын орысша беретін болды. Бірақ басқа министрлер мемлекеттік тілге басымдық бермеген екен. Read the full story »

Қазақ блогшылары АЭС мәселесінде Мәсімовті де туиттерлеп өтті
Written by , Monday, 11 Apr, 2011 – 6:16 | No Comment

Жапониядағы қаралы қасірет блогосферада “АЭС салу бізге керек пе, керек емес пе?” деген сұрақ төңірегінде пікіралмасуларға түрткі болды.

Жапонияда білім алып жүрген Altygradus жер сілкінісі мен цунами оқиғасын баяндаған кезде:

“Бірақ негізі бізде көрсетіп жатқан жаңалықтарда шындықтан өтірігі көп. Ойбай радиация деп әсіресе Ресей жаңалықтары өтірік шыны аралас қып таратты. АЭСте жарылыс болуы болды, бірақ бір жылдық норманы лақтырды дегені жалған”

деп ресейлік ақпарат құралдары осы оқиғаны пайдаланып өздерінің ақпараттық саясаттарын жүргізуі мүмкін екенін меңзеген еді. Read the full story »

Биліктегі ауыс-түйіс жайлы блогшылардың ойы
Written by , Tuesday, 5 Apr, 2011 – 8:47 | One Comment

Сайлау нәтижесі күткендегідей болды. Ешкім де алданып қалмады. Ендігі кезекте блогосфера сайлаудан кейін билікте қандай өзгерістер болатынын талқылап жатыр. Read the full story »

Президенттікке үміткерлердің интернетте қанша досы бар?
Written by , Wednesday, 23 Mar, 2011 – 14:35 | No Comment

Биылғы Президент сайлауын өз басым қазақ тілімен байланыстырамын. Себебі үміткерлерді анықтауда қазақ тілі көпшілігіне берік қамал болды. Сондай қамалдан өте алмағандардың бірі Уәлихан Қайсаров: “28 емес, 5 қате жібергенін” айтып, ақталды.

“Сот нәтижесінде 4 орфографиялық, 1 пунктуациялық қате табылып, әр адамның өз стильі болатындықтан 10 стилистикалық қателік жоққа шығарылды. Сонда барлығы 5 қате”. Read the full story »

Президенттікке үміткерліктен өтпей қалды
Written by , Tuesday, 15 Mar, 2011 – 6:03 | No Comment
Редактордан: “Қазақ тілінің маңызы биылғы сайлау алды додадан анық көрінді. Саяси құралға айналған мемлекеттік тіл азаматтық ұстанымы анық кейбір азаматтарды сайлаға қатысуға мүмкіндік бермеді. Соның бірі – Уәлихан Қайсаров. Блогшымыз Мейіргүл Оңғарова аталған азаматтың арнайы кездесуіне қатысып, өзінің түйгендерімен бөлісуде.

Алматыда қазақ журналистерінің интеллектуалды клубында Уәлихан Қайсаровпен кездесу өтті. Бұл кездесуде президенттік сайлаудан екінші мәрте үміткер боп мемлекеттік тіл емтиханынан өте алмай қалған саясаткер журналистердің көкейіндегі түрлі сұрақтарға жауап беріп, әр алуан жағдайларға деген өз көзқарасын білдірді. Read the full story »

«Қытайлармен ойнауға болмайды»
Written by , Wednesday, 9 Mar, 2011 – 5:52 | 2 Comments

Ғалымдар қытай экономикасының Қазақстанға қаупін байқауда. Қазақстан Батыспен темір жол жобасын қолға алып, көлік өндірісін іске қоспақшы. Қазақстан арқылы өтетін қытайдың темір жолдары қазақ экономикасы үшін аса қауіпті болуы ықтимал.

Бүгінде Қазақстан – Қытайдың бірінші стратегиялық әріптесі. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымында, 174 мемлекет мүше болып табылатын Бүкіләлемдік сауда ұйымында да Қытаймен әріптеспіз әрі шекараласпыз. Демек, бірінші болып базарымызға көршіміз әрі досымыз келеді.

Қытай экономикасы – көшірумен айналысатын, сапаға емес санға басты назар аударатын экономика. Дайын нәрсені миллиондаған тиражбен тарата береді.

Адам денсаулығына зиянды, улы заттардан қорғану үшін АҚШ, Жапония, Малайзия секілді елдер Қытайдың көптеген тауарларына тиым салған. Мамандардың зерттеуінше, Қытайдан келетін киім-кешек, ойыншықтардың әсерінен ауру ұрпақтар өсуде. Read the full story »

Референдум “туындысы” аяқталды
Written by , Monday, 31 Jan, 2011 – 16:11 | No Comment

Күні кеше Азиаданың ашылу салтанатында Елбасы сөз сөйлегенде әрбір тынысын аңдып отыр едім. Аузынан шыққан маңызды бір сөзді қапыда естімей қалып жүрмейін деп елеңдеумен болдым. Read the full story »

Референдум жайлы блогшылардың ойлары
Written by , Thursday, 27 Jan, 2011 – 6:06 | No Comment

“Референдум” тақырыбына қазақ блогосферасында санаулы блогшы ғана жазба арнады. Patick есімді блогшы болса, реферндумға қол жинау науқанын мынадай суретпен бейнелеген. Мақпал болса: “Баяғы сол мәселе” тақырыбындағы жазбасында:

“Әлгінде ауылға барып келдім. Сонда да осыны талқылап жатса керек. Бірақ әзірге жиналыс өтсе де, мұғалімдер мен дәрігерлерге қол қойғызбапты. Запасқа сақтап отырса керек. Бастамашыл топ айтты емес пе, референдумды қолдайтындардың санын 4 млн-ға жеткіземіз деп” Read the full story »

Балташ Тұрсымбаевпен кездесу
Written by , Wednesday, 19 Jan, 2011 – 7:05 | No Comment

Қаңтардың басында “Қазақ журналистері” клубында қоғам қайраткері Балташ Тұрсымбаевпен кездесу өтті. Жалпы бұл клубтың жұмыс атқарып келе жатқанына 2 айдай уақыт болыпты.

Read the full story »

Байлық туралы кім, қалай ойлайды?
Written by , Saturday, 15 Jan, 2011 – 8:18 | 2 Comments

«Байи алатыныңызға сенімдісіз бе?» – бұл менің «Сен-қазақ» әлеуметтік желісін қолданушыларға жүргізген сауалнамам еді. Бес күн ішінде 137 адам сауалнамаға қатысқан. Сауалнама – қойылған 11 сауалдың тек екеуіне ғана билет тастап, көзқарас білдіру түрінде жүргізілді.

Read the full story »