Саясат
Халық ел болашағының жарқын болуы Елбасымыздың қолында екендігіне нақты көз жеткізген. Қазақстанның бар жетістігі ұлт көшбасшысы Назарбаевтың есімінен байланыстырылады екен. Жамбылда жүргенде соған көз жеткіздім. Бұл әрине барлық қазақстандықтың пікір емес, десе де көпшілікке айтылған ойлары мыналар болды.
Елбасының өкілеттігін 2020 жылдың 6-желтоқсанына дейін ұзарту жөніндегі бастаманы көтерген Шығыс Қазақстандағы топ:
Read the full story »
Шетелдің жастары басқа елге барса, бірінші кезекте түнгі клубына барып, билегісі келтіндері болады екен. Қала жастарының деңгейі содан білінеді-мыс. Душанбеге барғанда өзім үшін сондай жаңалық аштым. Амал жоқ, көпшілікпен бірге баруға тура келді. Негізі үнемі солай. Шетелге шыққанда жұртты мұражайға барайық деп ертіп кету қиындау. Олардың дискотекасына барып, сырттан бақылап отыру да қызық екен.
Қала орталығындағы бір дискотекаға бардық. Опера ғой деймін аты. Фейсконтроль дегенің денеңді тінтіп шығатын күзетші жігіттер екен. Алдыңғы күні бір қыз бала ұзын етекті көйлек кигені үшін кіргізбей қойыпты дегенді естіп қалдым. Бәріміздің бұтымызда – шалбар болғандықтан кіргізген болар деп топшыладым. Read the full story »
Қазақстанда дінді халыққа түсіндіру мен оқып-үйретудің арнайы бағдарламасы болмағандықтан қоғамдағы дінге қатысты түсініктің ала-құла болуы заңдылыққа айналды. Жиырма жыл бұрын қолға алынбаған іске қазір де жете назар аударылмауда. Соның айқын дәлелі – дәстүр мен діннің текетіресі қазақ блогтарында қызу талқыланып жатыр. Read the full story »
swissinfo.ch басылымы Астанадағы Саммиттен кейін оған қатысып келген Кристин Егерсзегиден (Christine Egerszegi) сұхбат алыпты. Ол ОБСЕ-дегі Швейцария парламенті делегациясы президентінің орынбасары.
Бір жылдың ішінде ұйым қандай жетістікке қол жеткізіп, не нәрсеге қол жеткізбегенін сұраған тілші сөз арасында:
“Диктатураға жақын тұрған Қазақстан тәрізді елде конференция өткізу арқылы Еуропа қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы өзінің ұстанған бағыттарынан тайқып кетіп отырған жоқ па?” деп сұрайды.
Саясаткер бұл сұраққа былай деп жауап берген [ағыл]:
Қазақстан демократиясы бізден өзгеше Орталық Азиядағы республика. Оның бірнеше түрі бар. Жартылай автономиясы бар бұрынғы Советтік республикалар сәтті дамыды. Қазақстанның аймақтағы ықпалы үлкен. Ол Азия мен Еуропаның түйіскен тұсында орналасқан. Аймақта түйіні шешілмеген мәселелер де бар. Ауғанстан, Қырғызстан және Түркменстан солардың кейбірі ғана. Сондықтан да Қазақстан тәрізді тұрақты мемлекеттер маңызды.
Шетелдік сарапшының аузынан осы сөздерді естігенде: “Япыр-ау, осы бір сөздерді бұрын қайдан естідім?” деген ойлар келеді екен
Техно-билік күн сайын кәріне міне түскен ғаламтор ғасырында халықпен қоян-қолтық жұмыс істеудің қолайы да өз икемімізге бейімделе түскені анық. Дей тұрсақ та, осы мүмкіндікті жете пайдалана алып жатырмыз ба? Төменде біз қазақ үкіметі мен министрлерінің блогтарына шолу жасап көрсек.
ҚР Премьер-Министрiнің блогына ең алғашқы жазба 2008 жылы 30 қарашада қосылған. Блог жүргізіле бастағаннан 26 қазанға дейін 56 жазба жарық көріп, 2010 жылы 24 қыркүйекке дейінгі жолданған сауалдарға жауап қайтарылған. К.Мәсімовтың блогындағы сұрақтар мен жауаптар 100% орыс тілінде. Read the full story »
«Орта Азияны зерттеу институты»(« 中亚研究所») деген атпен ашылған Қытай елінің Орта Азияға мемлекеттеріне қатысты экономикалық, саяси шешімдеріне тұғыр болатын арнаулы зерттеу орталығы бар. Аталған орталық ХХ ғасырдың 60-жылдарынан бері жұмыс істеп келеді. Орталықта осы өңірдегі ұлт немесе этностардың саяси қадамдары, экономикасы, ұлттары, діні, тарихы, мәдениеті, оқу-ағартуы мен ғылым-техникасы, қазба байлықтары мен жан санының әрқайсы аймақтар бойынша шоғырлану мәселерін жан-жақты хатқа түсіру жұмыстары қарастырылған. Read the full story »
Нұрсұлтан Назарбаевтың Бруссельге жасаған сапарына Еуропалық басылымдар жіті мән берген. «Демократиясы әлсіз ел еуропа инвесторларымен ынтымақтастық орнатпақ» деген мазмұнда мақалалар жарялап, Қазақстанда тиым салынған интернеттегі Елбасы көмекшісінің телефон әңгімелерінен үзінділер жариялады.
«Біз бизнестің жаңа көзі мен инвестициялық мүмкіндіктерімізді жоғалтып алудың алдынды тұрмыз » деді өз сөзінде Еуропалық ұйымның бұрынғы сауда комиссары Питер Манделсон Dow Jons жариялаған мақалада.
«Қазақстан қазба байлықтарына бай әрі жаңашылдық пен әртараптандаруға ұмтылып отырға ел. Оның үлкен әрі жақсы басқарылып отырған нарығы бар және саяси жағдайы тұрақты және болашаққа бағдарланған сенімді экономикалық серіктестері бар. Read the full story »
1986 жыл. Осынау ардақты уақыттың артындағы көлеңке барған сайын ұлғайып бара жатқан сияқтанады. Бейнематериялдың толық нұсқасын мейлі ғаламтордан болсын, мейлі еркін жайма немесе дүкендерден болсын іздеп таба алмайсыз. Жақында киноның толық нұсқасын Қытай қазақтарының «Күлтегін» әлеуметтік желісіндегі Торап(бүркеншік ат) есімді белсенді қолданушы жариялады. Read the full story »
18 қазан күні “ҚазЖол” қонақ үйінде “Мінбер” журналистерді қолдау орталығы, Соғыс және бейбітшілік репортаждары институты (IWPR) және ЕҚЫҰ-ның Астанадағы өкілдігімен бірлесе «ҚазНеттің құқықтық реттелуі және оның қазақтілді интернет БАҚ-тың дамуына ықпалы» атты кезекті семинары өтті(толығырақ мына жерден). Маған ең жақсы әсер еткені Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов мырзаның жаңа медиа туралы Асхат ағай жасаған президентациядан кейін қатты толқығаны болды. Меніңше ол кісіге ұнағаны батыс әлеміндегі саяси тұлғалар төңірегінде ғаламтор беттерінде жарық көрген қызықты жазбалар болса керек. Read the full story »
Қазақтың арнайы жүйеге түскен білім беру ісін, мектепте оқыту тарихын Ы.Алтынсариннан бастасақ, бүгінгінде ағартудың алтын зерлі, құндыз ішігін Жұмағұлов жамылып отыр. Бақытжан Тұрсынұлының бұл қызыметке келгені де жаңа.
ҚазҰУ ректорлық қызметінде болған ол – ел абройы болған Ұлттық Университеттің беделін жоғарлатып, қожыраған оқыту үрдісіне жаңалықтар алып келді.
Көңіл қуантарлық деңгейін енді қалыптастырып келе жатқан осы үрдістің биігін аласартпау мақсатымен білім министрлігінен тартып, әрбір студенттің тұрмысындағы өзгешеліктердің бір ұшына жалғасып жатқан ректорлар алмасуын сайлау, білім және тұлғалар арасындағы қақтығыс деп үш жақтан қарастырып көрсек. Read the full story »




соңғы пікірлер