Саясат
Қарапайым сауалға күрделі жауап беруге тырысқан «Известия» басылымының тілшілері: «Қытай Ресейдің мүддесіне қайшы келмеуге тырысады» деген ой айтады. Read the full story »
Қазақ банктері әлемге үлгі көрсетті. Financial Times басылымында Джилиан Тетттің «Қазақстаннан біз не үйрене аламыз?» атты мақаласы жарияланды [ағыл. тілінде]. Мақала авторы «қаржы нарығын қазақтарша қорғау» керек дейді.
Себебі Қазақстан күйрегелі тұрған қаржы институтын құтқарудың “тамаша” тәсілін ойлап тапты.
Осыдан санаулы күн бұрын Қазақстан өзінің ең ірі банктерінің бірі – БТА банкті қайта құрылымдауды аяқтағанын хабарлаған. Нәтижесінде БТА-ның инвесторларының акциялары мен облигациялары құрбан болды. Read the full story »
Сіз де байқаған боларсыз, қазақ тіліндегі блогтарда Қытай тақырыбына арналған жазбалар жиі ұшырасады. Бұл жолы солардың кейбіріне шолу жасағанды жөн көрдім. Read the full story »
![post [Blog] post [Blog]](http://neweurasia.net/kazakhstan/wp-content/uploads/2010/06/post-Blog1.jpg)
Қырғызстандағы жағдайды сараптауда шетелдік басылымдар оған ұлтараздық сипатын беруге тырысады. Ал Орталық Азиядағы белсенді интернет қолданушылар керісінше, мәселе билікті бөлісе алмай жатқан топта деп санайды.
The Economist басылымы «Қырғызстандағы қақтығыстың астарында не жатыр» деген тақырыпта мақала жариялады.
«Өзбектер Қырғызстан халқының бар болғаны 15 пайызын ғана құрайды. Бірақ олардың дені елдің оңтүстігіне шоғырланғандықтан, Read the full story »
Өмірімде алғаш рет Алматы автобусында күтпеген оқиғаның куәсі болдым.
Негізі бұл ой санамды талай шырмаған. Әсіресе, шопырлар күнделікті пландарын орындау үшін бір-бірімен жарысқан кезде кәлимама мейлінше мән беретінмін. “Бір күні автобусым аударылып қалса, яки біреуді қағып кетсе не болар екенмін” дейтінмін… Бүгін мен мінген автобус қарсы жолға шығып, көлікті қағып кетті. Салонның алдыңғы жағында едім. Read the full story »
Neweurasia-ның орыс тіліндегі бөлімінің авторы Akmal. жазбасын түпнұсқадан аударып жарялап отырмын.
Бүгін түнгі сағат 3-те Оштағы достарым хабарласып, қала ішінде бір топ өзбек және қырғыз жастары көшедегі көліктерді өртеп, үйлердің терезесіне тас лақтырып өзбек пен қырғыздарға қарсы ұрандар көтеріп жүр деген жаңалықты жеткізді. Түні бойы мылтықтың оқ атқан дауыстары естілді. Сондай ақ олар кейбір жерлерде қырғыз және өзбек жастарынан құралған топтар өзара текетірескенін айтты. Арасында қайтыс болғандары мен жараланғандары бар. Read the full story »
![1205853087_5591c54a6a_m [Blog] 1205853087_5591c54a6a_m [Blog]](http://neweurasia.net/kazakhstan/wp-content/uploads/2010/06/1205853087_5591c54a6a_m-Blog.jpg)
ҚазАқпарат агенттігі Панфилов ауданында 350 оралман Қазақстан Республикасының азаматтығын ала алмай отыр деген мәлімет таратқан еді. Соны достарымның арасынд бөліссем, арасында азаматтық ала алмай жүрген достарым да бар болып шықты.
Интернетте өзінің белсенділігімен көрініп жүрген Мейіржанға осыған қатысты ойларымен бөлісуін өтіндім. Сонымен назарларыңызға Мейіржанның Азаматтықты ала алмауға қатысты ойын ұсынамын:
Қазақстан Республикасының азаматтығы!
Сенің қыр соңыңнан түсіп, қол жеткізу соншама қиын болса да, менің саған деген махаббатым, армандауым ешқашан түгесілмейді.
«Бәлду, бәлду, бәлдубай» деп Мағауин қырттарды мазақтайтын. Баспанам алыс жұртта қалған мен жөнінен азаматтық алуда ең алдымен асатын белім – тұрақты мекен-жайға тіркелу. Read the full story »
Сенбесеңіз, америка журналистінің мақаласын оқыңыз. Биылғы жылы сыртқы саясатта Қазақстанның аты көбірек танылған сайын шетелдің журналистері де Қазақстанды өз оқырмандарына жиі таныстыруда. Бірақ мұхиттың арғы жағында, қазақ десе, Борат сөзі тіркесіп аталуы әдетке айналып барады.
Борат американдықтардың өздерінің топас бейнесі екенін кейбір американдық журналистердің өздері де бағамдай бермейтіні күлкілі. Registan.net сайтында «Ал нені ұмытты?» атты мақала авторы “Huffington Post” сайтындағы “Қазақстан: Борат нені ұмытты?” мақалаға қарымта жауап қайтарған. Ал, The Guardian атты басылым болса, «Назарбаев Астанадағы сәулетті ғимаратты Борат фильмі шыққан жылы таныстырып, оңбай қателесті» деген пікірде. Read the full story »
Америкалық журналистер жазған мақала: «Бішкектің Ресей мен Қазақстанға деген тәуелділігі күн санап тереңдеп барады» деп аталған. The Georgian Daily басылымындағы мақала авторы Эрика Марат Ұжымдық Келісім Шарт Ұйымына мүше елдердің отырысынан осындай ой түйіп қайтқан. Read the full story »
Қазақстан мен Өзбекстан
«Әлемдік банктің мәліметтеріне сүйенсек, Қазақстанның жалпы ішкі өнімі Өзбекстанмен салыстырғанда бес есеге жоғары. Биылғы қыста екі елдің арасындағы алшақтық анық байқалды» дейді еуропалық оқырмандарға өз сараптамасын ұсынған мақала авторы.
«Ақпанда Алматының шетінде екі ер адам мен екі әйелдің және баланың өлі денесі табылды. Кейіннен олардың Өзбекстаннан келген жұмыскерлер екені анықталды. Олар жылыну үшін химиялық улы затты отқа пайдаланып содан уланып өлген. Read the full story »



соңғы пікірлер