Экономика
Қазақстанның шағын қалаларында автоматтандырылған төлем инфрақұрылымы нашар дамыған. Жұрт дәстүрлі қолма-қол ақшамен төлеуге үйренген. Бұған қарамастан елімізде мобильді төлем жүйесіне сеніммен қарайтындар баршылық. Read the full story »
Қазақстанның көпвекторлы саясаты шетелде білім алуға мол мүмкіндік беріп отыр. Әлемнің барлық елдерінің жастарында мұндай мүмкіндік жоқ екенін ескерсек, еліміздегі қазіргі тұрақтылық пен 20 жыл ішіндегі саясаттың беріп отырған осынау мүмкіндігін пайдаланып жатқандар жетерлік. Read the full story »
Қазақстанда жүргізілген санақ бойынша тұрғындардың 15,4 пайызы ауыз екі ағылшын тілін түсініп, 2,6 %-ы оқи алады екен де, 7,7 %-ы ағылшынша оқып, жаза алатын болып шықты. Әйткенмен “Economist” басылымында жарық көрген мақалада [ағыл.т] Қазақстан ағылшын тілін меңгерген елдердің ішінде ең соңғы бестіктің ішінде тұр. Read the full story »
Өткен жылы да сөйткен. Зейнетақы қорыма ақша аударылмай қойғаны бар. Банктердегі компьютерлер “і” әрпіне жарымай қойды ғой.
Neweurasia-да осыған арнап, үнхабар жасаған едік. Бірақ сол мәселе жылы орнынан әлі де қозғалмаған сыңайлы.
Желтоқсаннан бері карточкама ақша түспей жүрген. Бар сабырымды жиып, мәсәленің мәнісін білеуге барсам, менің фамилиямдағы “і” әрпін, «и» әрпіне ауыстырып, орысша жазыпты. Осы уақытқа дейін дін аман қызмет көрсетіп келе жатқан оларды қандай түлен түрткенін жөнді түсіне алмадым. Read the full story »
жалғасы. Басы.
Жапония мен Қытай арасындағы түсінбестіктің салдары экономикаға да байланысты. Блогшы Ертай жазбасындағы ойын былай сабақтаған:
«Экономикалық қарқындылығы жағынан әлем бойынша алдыңғы екінші, үшінші орында тұрған алып державалар арасындағы шиеленіс тек олардың өздеріне ғана залалын тигізіп қоймай, басқа да мемлекеттерге зиян шектіруі мүмкін. Токио мен Бейжің неліктен қатты ұстанымда отыр? Read the full story »
Жапония мен Қытай арасында Сенкаку аралына қатысты дау-дамай қазақ экономикасын да шарпып өтті. The Nation атты шетел басылымы Жапонияның компаниялары Қытайлар уысында ұстап отырған сирек металдарды Қазақстаннан алуды көздейтін жобаларды қарастырып жатқанын хабарлады [ағыл.т]
Қытай Жапонияға неге өкпелі?
Қытайда білім алып жүрген қазақ студенттерінің бірі өз блогында Сенкаку аралына қатысты болып жатқан шерулер туралы жазған еді. Блог авторы Ертай Нүсіпжан: «Жақын күндері Қытайдың Сычуань провинциясында Шығыс-Қытай теңізінің «Сенкаку» (Дяоюйдао) аралы төңірегіндегі дау-дамайға қатысты қарапайым халық арасында күшті наразылық шаралары өтті. Read the full story »
“Еуразиялық ЖЗҚ” АҚ-ның 2010 жылдың тоғыз айы ішіндегі қызметінің қорытындылары бойынша баспасөз мәслихаты өткізгенде басқарушы директоры Иван Новиков: “Зейнетақы қорларын зерттеп шығып, зейнетақы қорларының портфельдерінде дағдарыс жағдайында “токсиндік” болып шыққан активтер бар екендігін байқадық”, деген еді.
Яғни, дағдарыс кезіндегі консервативтік басқарудың үстемдігі салымшыларға басқа қорлардың алдында біршама артықшылықтар бергеніне сендіруге тырысты. Read the full story »
«Орта Азияны зерттеу институты»(« 中亚研究所») деген атпен ашылған Қытай елінің Орта Азияға мемлекеттеріне қатысты экономикалық, саяси шешімдеріне тұғыр болатын арнаулы зерттеу орталығы бар. Аталған орталық ХХ ғасырдың 60-жылдарынан бері жұмыс істеп келеді. Орталықта осы өңірдегі ұлт немесе этностардың саяси қадамдары, экономикасы, ұлттары, діні, тарихы, мәдениеті, оқу-ағартуы мен ғылым-техникасы, қазба байлықтары мен жан санының әрқайсы аймақтар бойынша шоғырлану мәселерін жан-жақты хатқа түсіру жұмыстары қарастырылған. Read the full story »
Нұрсұлтан Назарбаевтың Бруссельге жасаған сапарына Еуропалық басылымдар жіті мән берген. «Демократиясы әлсіз ел еуропа инвесторларымен ынтымақтастық орнатпақ» деген мазмұнда мақалалар жарялап, Қазақстанда тиым салынған интернеттегі Елбасы көмекшісінің телефон әңгімелерінен үзінділер жариялады.
«Біз бизнестің жаңа көзі мен инвестициялық мүмкіндіктерімізді жоғалтып алудың алдынды тұрмыз » деді өз сөзінде Еуропалық ұйымның бұрынғы сауда комиссары Питер Манделсон Dow Jons жариялаған мақалада.
«Қазақстан қазба байлықтарына бай әрі жаңашылдық пен әртараптандаруға ұмтылып отырға ел. Оның үлкен әрі жақсы басқарылып отырған нарығы бар және саяси жағдайы тұрақты және болашаққа бағдарланған сенімді экономикалық серіктестері бар. Read the full story »
АҚШ-тағы Солтүстік Дакотадан тәуелсіздік күніне дейін 2040 сиыр Астанаға ұшақпен жөнелтілмек. Осы аптада сиырлардың алғашқы легі жөнелтілді. Американың Оңтүстік Каролиндағы The State басылымы: «Бұрын соңды мұндай көлемде сиырды шетелге тасымалдап көрмеппіз» дейді. Басылымның хабарлауынша бұл сиырлар Қазақстанның ет өндірісін дамытуға септеспек. Алайда Қазақпарат таратқан ақпаратта жалпы саны 2020 сиыр Ақмола облысының маңындағы арнайы бордақылау алаңына әкелінеді деп хабарланған. Сонда 50 млн АҚШ долларына жасалған келісімнен 20 сиыр қайда түсіп қалды? Read the full story »






соңғы пікірлер