Экономика
Бақытнұр өткен аптада Моңғолияда жасалған троллейбус кешікпей Қазақстан жолаушылары үшін де қызмет ететін жазған еді. Қызылжар қаласының әкімдігі Моңғолияның “Electric transportation” компаниясымен бірнеше троллейбусты сатып алу жөнінде келісім шарт жасасты деп хабарлайды olloo.mn моңғолдың ақпараттық порталы.
Бұл ақпаратты оқып отырғанда мені бір мәселе мазалады. Бізде Алматы қаласында 2001 жылдан бері троллейбустар құрастырылатынынан хабардармын. Алматыдағы “Электромаш-Электротранс-Сервис” АҚ-ның “Қазақстан” атты троллейбустары бір ғана Алматыда емес, Астана жолаушыларына да қызмет етіп жүр. Троллейбусты құрастыру барысында пайдаланған детальдардың 40 пайызы отандық өнім.
Ел ішін жайлап бара жатқан қымбатшылық үлкен бүлікке бастауы ықтимал. Дәл қазіргі уақытта қоғамдағы ашынып отырған жұмыссыз, баспанасыз отырған топқа, бюджет қызметкерлері де қосылуда.
Осы аптада базалық айлық көрсеткіштерінің төрт жыл бойы 8712 теңгеден өзгермеуіне налыған мұғалімдер, кәсіподақ одағына хабарласып, іс тез арада өз шешімін таппаса, ереуілге шығуға да дайын екендіктерін жеткізді.
«… Мен мектепте мұғалім болып қызмет жасаймыз. 3-перзентім бар. Айлығым балдарыма, отбасымды асырауға жетпейді…» деп басталған хаттарға толы арыздарды Астана қаласындағы Білім және Ғылым қызметкерлерінің кәсіподағының төрайымы Майра Тұрғанқызы алдыма жайып салды. Ақ параққа құлашынан жазылған мектеп мұғалімінің жазуын оқып отырып, еріксіз түңілесің. Білім беру жүйесіндегі олқылықтарды мектеп мұғалімінің арызындағы тұнып тұрған емле қателері де көрсетіп тұр. Мектеп мұғалімінің аз ғана айлығына көзі ашық, сауатты мамандар жұмысқа бармасы түсінікті.
Read the full story »
Қарағандыдағы «Абай» кенішіндегі жарылыстан соң, әлемдегі бесінші миллиардердердің табаны қазақ топырағына тиді.
Forbes: «Арселор Миттал Абай кенішіндегі 600 метр аумаққа таралған жарылыстан 30 адам өліп, 14 і жарқаттанды. Тек 161 жұмысшы аман қалды. 2006 жылы Ленин көмір шахтасында 40 жұмысшы көз жұмған. Аталған оқиғадан соң, Миттал көмір шахталарыдағы қауіпсіздік шараларын күшейтетінін айтты» деген хабар таратты
Read the full story »


.jpg)



соңғы пікірлер