Экономика
Сәтбаевта үйде жүрмін. Көшеде көпшілігі маска киіп алған. Үйде жеңгемде де маска. Ағада да біреуі бар. Қарап отырсам, тек менде ғана жоқ екен. Кішкентай қалада адамдарға мәлімет тез таралады ғой. Содан тұмаудан сақтанамыз деп бәрі маска алыпты. Енді дәріханада маска жетіспейді. Маска түгілі тұмауға қарсы дәрілерге де сұраныс күшті. Қарап отырсам, бұл дәрілер Ресейден алынады екен. Әйтеуір үйге қонақтап келгендердің айтатын әңгімесі де сол. Қызық. Read the full story »
Еуропа өзіне тықыр таянғанын сезе бастады. Каспий қайраңындағы мұнай мен газдан дәмелі кәрі құрлық энерго саясатына өзгерістер енгізбесе, Қытай мен Үндістан негізгі тұтынушыларға айналмақ. Осы аптадағы Еуропалық басылым, Каспий теңізінің маңындағы елдер қазба байлықтарын Батысқа емес, Шығысқа экспорттауды ойластырып жатыр деп дабыл қағуда.
«Қазақстан мен Әзірбайжан – Азия энергия нарығының шамшырағы» атты мақалада “Neurope” басылымының тілшісі Баку енді Қазақстан арқылы Қытайға газ тасымалдайтыны жазылған.
«Қазақстандағы мұнай мен газ тақырыбындағы қызу талқыланып жатқан тақырыптың бастысы Әзірбайжан өз бағытын 180 градусқа өзгертіп, Батысқа емес, Қытайға бет бұрып жатыр. Осынау күтпеген ұсыныс Қазақстаннан бастау алды»
деп жазады шетелдік басылым. «ҚазМұнайГаз компаниясының басшысы Қайыргелді Қабылдин Әзірбайжанның мемлекеттік мұнай компаниясына газды Қазақстан арқылы Қытайға жөнелтуді ұсынды». Қазіргі кезде Каспийдің ұстанымы Батысқа бағытталған. Алайда, «Шығыстан Батысқа жөнелтілетін қазба байлықтарын Батыстан Шығысқа неге жөнелтпеске?» дейді аталған жобаны қолға алып жатқан тараптар. Read the full story »
Қазақтан биылғы жылы 22.7 млн. тонна астық жинады дейді agrimarket.info. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 34% ға көп. Десе де қазіргі кезде үкіметтегілер осы астықты енді қайда, қалай сататын білмей дағдаруда.
Қазіргі ауылшаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев үшін сиыр жылының күйлі болғанын осыдан аңғаруға болады. Кәрім Мәсімов астықты сыртқа сату жайын айтып қалған. Ол шығыстағы көршілерімізге иек артып отыр. Қытайға барып келген премьер министр:
«Бидайды көршіге сату керек. Олар қанша көлемде болса да алуға әзір отыр»
дейді.Былтыр көктемде астықтың бір тоннасы 350 АҚШ доллары болса, қазір жүз долларға жетер жетпес сома. Read the full story »
Жапонияның өндірісшілері қазақ уранына үміт артып отыр. Осы аптада қаржы әлемінің тынысын бақылап отырған The Financial Times басылымы Toshiba компаниясы сирек кездесетін металдарды алу үшін Қазатомпром компаниясымен жылдың соңына дейін келісім шарт жасасуды көздеп отырғанын жазуда.
Жапонияның қазақтың қойнауына қызығуының басты себебі технология жасауда пайдаланатын элементтерді экспорттауға Қытай тыйым салуы мүмкін деген қауіптен туындауда. Бұған дейін жапондар әлемге әйгілі өнімдеріне Қытай шикізатын пайдаланатын. Read the full story »
Қазақстандағы уран кеніштерін игеруші шетелдіктерге америкалықтар күмән білдіруде. «Қазір Қазақстан бірнеше елдермен келісім-шарт жасасып жатыр. Бірақ күні ертең солардың бірі бомба жасауы да мүмкін ғой» деген күмәндары бар екен. Әлемдік деңгейдегі қазақ имджіне нұқсан келтіруі мүмкін мақалаға қарсы қазақ билігі де өз жауабын берді.
АҚШ-тан шығатын The Christian Science Monitor басылымы алдыңғы бір сандарында Қазақстандағы Уран кеніштерін игеруге қатысты келісім шарттарға арналған арнайы мақала жариялаған еді. Read the full story »
Алматы қаласындағы аялдамаларда дәл осындай жарнамалар пайда болды.
Суретте шоколад жарнамаланған. Бір қызығы, шетіне ірі әріптермен екі тілде “Шошқа майы қосылмаған” деген жазуды көруге болады. Қазақшасында “халал” деп жазғанымен, орыс тіліндегі нұсқада бұл жазу жоқ.
“Оңтүстік Кореялық Болат өндіруші POSCO компаниясы Өскемендегі Титан және Магний Комбинатымен бірлесіп үлестері теңбе тең болатын бірлескен кәсіпорын құратынын хабарлады” дейді Ирландиядан industrialinfo ақпарат сайты.
POSCO мен Өскемен Титан және Магний комбинаты жаңа зауытты құру үшін орта есеппен 25 миллион АҚШ долларын жұмсады. Өндіріс 2010 жылы іске қосылмақ.
Қызылорда өңіріндегі Құмкөл өнідірісіндегі күндіз түні алаулап жанған газды тиімді пайдалану қарастырылды дейді Neurope басылымы.
Осыған дейін ысырап болып келген газды қайта өңдеп, кәдеге жарату ісі қарастырылған. Қазақстан газды жағушы әлемдегі он елдің қатарына кіреді. Read the full story »
Жұртшылықтың қалтафонды жиі тұтынуы пойыздағы жолсеріктерге қосымша табыс түсіруде. Әсіресе, 2-3 күн бойы пойызбен саяхаттайтындар пойыз ішіндегі телефон қуаттағышқа зәру.
Ұзақ сапарға шыққан жолаушы үшін қалтафон тек қана байланыс құралы емес, сонымен қатар уақытты көңілді, пайдалы, тиімді өткізудің жалғыз мүмкіндігі.
Сонымен Қазақстандағы мен байқаған көптеген пойыздарда қалтафонды жолсеріктер өз купесінен 50-200 теңгеге қуаттап береді. Бұл туралы жазбаны Нұрғиса да өз блогында айтып еді.
- Не ғой, әлгі… Қалтафонымды қуаттап алайын деп едім…
Жолсерік көмекшісіне: – Сәке, бар, клиент келді…
Көмекшісі: – Екі жүз теңгені без «здач» берші…
Ойша есептеп көрейік. Бір вагонда 50-ге жуық жолаушы бар. Read the full story »
Соңғы жеткен мәліметтер бойынша Қазақстанда үш банк жабылу қаупі бар аймақта тұр.
Таратылған ақпарат бойынша “Данабанк”, “Казинкомбанк” және “Метрокомбанк” шетелдік инвесторлар іздестіруде. Read the full story »



.jpg)



соңғы пікірлер