Қоғам
Көк туымыз жерде жатыр. Масқара!
Қазақ тілінде осындай сарындағы ақпараттар көбейіп келеді. Тіпті кейде адамдар әдейі жерде жатқан туды тауып алып, соны суретке түсіріп, сол туралы ақпарат тарататын тәрізді. Бірақ бір қызығы сол ақпараттардың қайсысынан болса да жерде жатқан тудың куәсі болған адамның оны көтеріп алып, қастерлегені туралы естімеппін. Отанды құрметтеуді де міндетсінетін тәріздіміз. Read the full story »
РЕДАКТОРДАН: Қазақстандағы тіл мәселесі өткен апталарда ең жиі талқыланған тақырыптардың бірі болды. Осыған орай neweurasia авторы Жолымбет Мәкішов өз ойларымен бөліседі. Автордың ойлары біреуге тым тұрпайы көрінуі де мүмкін. Олармен келісу, келіспеу әркімнің өз еркінде.
Қазақ тіліне қатысты туып отырған даудың себебіне үңілсең еріксіз ашуыңды келтіреді. Өйткені бұның барлығы өзіміздегі биліктің саяси солқылдақтығынан туып отырған жасанды жәйттар. Мәселен, өткендегі Теміртаудағы мектепке байланысты өрбіген оқиғаны алайық. Қаладағы 32 мектептің 4-і ғана таза Қазақ тілінде білім беретін болып шықты. Бұны біздің шенді-шекпенділердің білім саясатындағы жіберіп отырған үлкен қателігі, тіпті саяси соқырлығы деу керек. Себебі олар Қазақ тілін өркендету үшін жасалып жатқан шаралардың барлығын жоққа шығарып, қазына қаржысына мектептерде Ресейдің болашақ азаматтарын оқытып әлек болып жатыр. Read the full story »
25 қыркүйек 2 қазан аралығында Алматы қаласы қуыршақ өнерінің астанасына айналады. Алматы қаласының әкімдігі, Мемлекеттік қуыршақ театры, Дүниежүзілік қуыршақшылар Ассоциациясы және «Tanaris» кинокомпаниясы І Дүниежүзілік қуыршақ карнавалына дайындық жұмыстарын жүргізуде. Оған әлемдегі түрлі мемлекеттерден: Швейцария, Португалия, Франция, Германия, Иран, Чили, Норвегия, Ресеей, Испания, АҚШ, Италия, Румыния, Украина, Перу, Армения т.б. қонақтар жиналады. Read the full story »
Қазақстандағы дін мәселесінің ушығып тұрғанын үкімет енді түсінді. Мәселені шешу үшін тапқан бар айласы: Дін істері жөніндегі комитет құру және Дін туралы заңды күшейту. Осылайша Қазақстандағы дінді “басқаруға” болады. Дінді мемлекеттен бөлек деп жасырып жатпай-ақ, мемлекет діннің дұрыс оқытылуына жәрдемдессе, құба-құп. Себебі мемлекетті құрайтын халық десек, әрі дін ауада емес, халықтың жүрегінде болса, ол қалайша мемлекеттен бөлек болмақ? Read the full story »
2008 жылы қазақтың бүлдіршіндері батыстағы құрдастарынан ақылды екенін хабарлаған едік. Ол кездері оқушылардың математикалық бейімі талданған болатын. 2009 жылы Еуропаның экономика және даму ұйымының Оқушыларды халықаралық бағалау бағдарламасы (OECD Programme for International Student Assessment (PISA) күніне қолына кітап, газет немесе журнал алып оқитын жасөспірімдер арасында зерттеу жүргізді. The Telegraph басылымының хабарлауынша 65 елдің ішіндегі зерттеуге қазақтың жасөспірімдері де қатысқан. Әрі қызық қылғанда еуропадағы құрдастарына қарағанда “оқымысты” болып шықты. Read the full story »
Тіл – құрал. Маған да Ахмет атамның сөздері көбірек көкейіме қонады. Қазақ тілі де құрал. Әлгінде Мерген facebook-тағы өз парақшасына айтып жүрген әндерінің сөздерін жариялапты. Өлең деуге келмейтін сөздер. Еш ұйқасы жоқ. Мүмкін біреулер бұны ақ өлеңге жатқызатын шығар. Ақын болмағандықтан ол жағын білмеймін. Бірақ соңғы кездері ән әлемінде эмоциялық табы басым сөздердің басын қосу арқылы перформанс жасау қалыпты жағдай екенін білемін. Read the full story »
- Орталық мешіттегі Қадір түні, авт. Карла Нур
Алматы қаласында 33 мешіт бар. Әр мешіттің болмысы әртүрлі. Бірақ VoxPopuli журналистері Қадір түніндегі мұсылмандардың көңіл-күйін жеткізу үшін Алматы қаласындағы Орталық мешітті таңдаған екен. Read the full story »
Танымал қазақ блогшыларының бірі Akyik өзінің жазбасында қос елдің ұлттық таңбаларындағы ұқсастықтардың астарында сыр жатқанын меңзейді. Мұндай жағдай жақсылықтың белгісі ме, әлде екі елге де қызмет көрсеткен ортақ компаня деген сөз бе?
Алатооның арғы беті мен бергі бетін қатар жайлап отырған қос ел – қазақ пен қырғыз ежелден тамырлас ел. “Қырғыздың да беті жап-жалпақ, қазақтың да беті – жап-жалпақ, екеуінің де бастарына кигені киіз ақ қалпақ” деп екі бауырлас ел кезінде құда болып ұлан-асыр той жасады. Алайда, бұл құдалық ұзаққа бармады. Read the full story »
Редактордан: Қасиетті Рамазан айының аяқталуына да санаулы күндер қалды. Қазақ блогсферасында дін тақырыбындағы жазбалар бұған дейін де көп болатын. Ораза айына дейін де біраз жазбалар жарық көрді. Солардың кейбіреуіне тоқталсам деймін. Read the full story »
LiviJournal да WordPress.com-ның бір кездегі кебін киді. Министрліктің бір қателікті екі рет қайталап отырғаны таңқалдырады.
Бұған дейін WordPress.com жабылғанда да «Қазақстан заңнамасына қайшы мазмұндағы контентті» алға тартқаны бар еді. Сол кезде бір блогқа бола, күллі платформаны жабу дұрыс емес екенін айтар жерімізге дейін айтқан едік. Енді келіп…. Read the full story »




соңғы пікірлер