Білім

Интернет

Саясат

Экономика

Қоғам

Home » Archive by Category

үнхабарлар

Банктерден әбден көңілім қалды. Бірақ…
Written by Askhat, Tuesday, 9 Feb, 2010 – 5:28 | 3 Comments

1237390888_1231424030_mainБұрын да бір шикіліктің бар екенін байқайтынмын. Әдетте бухгалтерлерге Әлеуметтік жеке кодымды тапсырғанда (СИК) олар оны ұзақ зерттеп, міндетті түрде: “Жеке куәлігіңде де аты-жөнің осылай жазылған ба?” деп сұрайтын. Бастапқыда мен мұны әрбір бухгалтерге тән жауапкершілік деп ұғатынмын. Сөйтсем, барлық мәселе аты-жөнімдегі қазақ әріптерінде екен.

Қазір мекемелердің барлығы дерлік “1c” (суретте) атты есеп-қисап жүргізуге арналған бағдарламаны қолдаданады. Оған қазақ әріптерін қосуға да мүмкіндік бар. Тіпті елімізде 2008 жылы қаржы айналымындағы құжаттардағы есімдер жеке куәліктегімен бірдей болуы тиіс деген арнайы үкім де шыққан. Read the full story »

Nokia қазақ тілінен қандай пайда көрмек?
Written by Askhat, Thursday, 14 Jan, 2010 – 11:10 | 4 Comments

Карел Голуб – Nokia-ның Қазақстандағы өкілінің басшысы. Өте сыпайы, сырбаз сөйлейтін, еуропалық азамат. Қалтафондар нарқы – елімізде ілгері дамып келе жатқан бизнес. Екеуміздің кездесуімізге осы жайт түрткі болды. Мені қалтафон мен қазақ тілі тақырыбы қызықтырды, ал оны… ол жалпы бизнес әдебін сақтап, журналистпен кездесті ғой деймін :) Арада болған әңгімені (ағылшын тілінде) төменнен тыңдай аласың.

  • Nokia-ны қазақшалаудың экономикалық пайдасы қандай?
  • 3G және Nokia
  • Қалтафон қызметіне арналған дүкен
  • Қазақтар – жаңа технологиялық жаңалықты сабырлықпен күтеді
Қалтафондар қашан қазақшаланады?
Written by Askhat, Monday, 11 Jan, 2010 – 6:13 | 8 Comments
Қалатафондар қазақшалануы керек

Қалатафондар қазақшалануы керек

«Тілдер туралы» заңға сәйкес еліміздегі қалтафондар қазақ тілінде ақпарат алмасуға қабілетті болуы тиіс.

Десе де 2008 жылы қабылданған заңды орындау әлі де мүмкін емес. Себебі қалтафондарды қазақшалаудың стандарты әзір емес.

ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігіндегі мамандар стандарт қалыптастыру үшін биылғы бюджеттен ақша бөлінгенін хабарлауда.

Қазақстанда қазір төрт ірі мобильді оператор бар. Олардың барлығы қазақша SMS хабарлар жіберуге дайынбыз дейді. Тек мәселе, шетел зауытында шыққан телефондардың қазақ тілін қолдамауында екен. Төмендегі үнхабардан мәселенің егжей-тегжейіне қанық бола аласыз.

Тимурдың «Қара найзағайы»
Written by Askhat, Sunday, 10 Jan, 2010 – 11:25 | 3 Comments

Қаңтар айының басынан Қазақстан кинотеатрларында белгілі киноқоюшы Тимур Бекмамбетовтың «Қара найзағай» атты жаңа жобасы көрсетіліп жатыр. Киноның алғашқы жабық көрсетілімі 31 желтоқсанда Астана қаласында болды. Ұлты қазақ, бірақ Ресей азаматы саналатын Тимур Бекмамбетов көрермендерге өзінің «Түнгі шолушы» сияқты голливуд үлгісімен жасалған киножобаларымен танымал. Read the full story »

Үнхабар: Германиялық қонақ
Written by Askhat, Sunday, 3 Jan, 2010 – 13:56 | 14 Comments

Сағын

Блогқа үнхабар шығармағалы көп болды. Биылғы жылдың үнхабарын Сағын Қалдыбелов [Ансар] ашқалы отыр. Біз Ансар екеуміз төмендегідей тақырыптар төңірегінде әңгімелестік.

  1. «Болашаққа» адам өз еркімен түсе ала ма?
  2. Қазақстан білімді дамыту бойынша бірінші орында
  3. Ансардың болашақ жұмыс орны туралы
  4. Ансардың сыйлығы алдағы уақытта жалғаса ма?
Үнхабар: Германиядан жеткен қуаныш
Written by Askhat, Thursday, 26 Nov, 2009 – 19:41 | 3 Comments


Жексенбі күні Германиядан қуанышты хабар келді. Блогымыз Сағынның «Біздің ауыл» байқауының жүлдегерлер тізіміне ілігіпті. Еңбегімізді елеп жатқан ағайынға үлкен алғысымызды білдіріп, кезекті үнхабарды ұсынамын.

  1. Кезекті үнхабарда «Сауалнама» жайлы ән салып, блогосфераның тынысын бағалауға арналған сауалнама жайлы айтамын.
  2. Сондай-ақ, блогосфераның қара дауылына төтеп берген «Біздің ауыл» блогының авторының дауысын тыңдай аласыздар. Германия оқып жүрген Сағын эксклюзивті сұхбат берді. Ансар бұл байқауды не себепті ұйымдастырғанын, қазақ блогсферасына қатысты ойларын, неміс тіліндегі блогтар туралы пікірін ортаға салады. Бірақ жүлдегерлерге қандай сыйлық беретінін айтпады
  3. Жақсы блогшы болу үшін не істеу керек? Литваның бұрынғы шенеунігі өз еліндегі блогосферадағы жағдайға тоқталып, блог арқылы ақшта табудың литвалық құпиясымен бөліседі.

Үнхабарды әзірлеуде CC негізінде авторлық рұқсаты бар әуендер қолданды:
Budz Should I go or should I stay
M2mfull Motivation move
Alycia Lang These words

Үнхабар: Қытай. Бір қазақтың көзімен
Written by Askhat, Thursday, 22 Oct, 2009 – 4:14 | One Comment

Кезекті үнхабарымның қонағы болашақ қытайтанушы Дінмұхаммед Зиядин (суретте).

Димаштың суреті
Қытайлар қазақтардың кім екенін білмейді


Димаш екеуміз:

  1. Қытайға баратын адамға арналған жадынама хақында
  2. Қытайда қазақ студенттерін неге түнгі клубқа кіргізбейтінін
  3. Қытайлардың мінезі
  4. Үрімжідегі жағдай
  5. Қытайда Димашқа ұнамаған нәрселер туралы

сөйлесеміз. Әңгімеге араласа отыр! :)

Қолданылған әуен: Кени Н. Гайал “Should I go or should I stay” (СС)

Үнхабар: Бішкектен…Хиджапқа дейін
Written by Askhat, Tuesday, 13 Oct, 2009 – 5:32 | 6 Comments
Уәде берген Бішкек Баркэмпі жайлы үнхабарды ұсынып отырмын. Кезекті бесінші үнхабарда төмендегідей тақырыптар қамтылады.

  1. Бішкекте өзі не болып еді. Қысқаша шолу
  2. Қырғызстандық Шыңғыс қырғыз жастарының өмірі хақында 


  3. Баркэмпке келгендердің ең сүйікті әлеуметтік желісі қайсы?
  4. Министрлердің қылықтары neweurasia оқырмандары арасында қызу пікірталасқа ұласты
  5. Америка қонағы қазақ блогшыларымен кездеспек.
Үнхабар: қазақ және орыстілді блогшылардың ұқсастығы қайсы?
Written by Askhat, Tuesday, 29 Sep, 2009 – 14:28 | 16 Comments
Кезекті үнхабар Қарағанды қаласында әзірленді. Әлия Сембаймен болған сұхбатты назарларыңызға ұсынамын. Әлиямен Қарағандыдағы қазақтар туралы сөйлесеміз деп едік. Бірақ тақырыптар төмендегідей болып кетті.

  1. Қарағандыда не себепті қазақтілді блогшылар аз?
  2. Интернетте «өз-өзіне қол жұмсау» тақырыбына қызығушылар көп.
  3.  Қазақтілді блогшы мен орыстілді блогшының айырмасы мен ұқсастығы (Ақзере, Айко, Салтанат, Айконаға үлкен сәлем!)
  4.  Қазақ тіліндегі әдепсіз блогтар туралы
  5.  Қарағандыға қыдырып бара қалсаңыз…
Үнхабар: Посткеңестік елдегі тұңғыш ислам банкі
Written by Askhat, Thursday, 10 Sep, 2009 – 1:02 | 8 Comments
Өткен аптада шығуы тиіс үнхабарды бұл жолы сәл кешіктіріп жариялап отырмын. Негізі Конституция күні мен Білім күніне орайластырғым келген еді. Алайда, белгілі бір себептерге байланысты дер кезінде шығара алмай, алдарыңызда ұятты болып отырмын. Десе де үнхабарды тыңдап, пікір қалдырып жатсаңдар, қуанышты боламын.

Бұл жолғы үнхабарда төмендегідей тақырыптар қамтылады.

  1. Посткеңестік елдегі алғашқы ислам банкі Қазақстанда ашылмақ
  2. Констиутция күні қалай тойлануы керек? (шетелдегі қазақ студенттерінің пікір)
  3. Қонақ бала: Студенттік күннен қалған ең қызық күн. (блогшы Қуаныш Мағзуовтың оқиғасы)
  4. Түнгі Мелака базарының у-шуы мен Қытай әуендері

Құлақтандыру! Келесі жолғы үнхабарды Бішкекте өткен Баркэмпке арнағалы отырмын.