үнхабарлар
Карел Голуб – Nokia-ның Қазақстандағы өкілінің басшысы. Өте сыпайы, сырбаз сөйлейтін, еуропалық азамат. Қалтафондар нарқы – елімізде ілгері дамып келе жатқан бизнес. Екеуміздің кездесуімізге осы жайт түрткі болды. Мені қалтафон мен қазақ тілі тақырыбы қызықтырды, ал оны… ол жалпы бизнес әдебін сақтап, журналистпен кездесті ғой деймін
Арада болған әңгімені (ағылшын тілінде) төменнен тыңдай аласың.
- Nokia-ны қазақшалаудың экономикалық пайдасы қандай?
- 3G және Nokia
- Қалтафон қызметіне арналған дүкен
- Қазақтар – жаңа технологиялық жаңалықты сабырлықпен күтеді
Podcast: Play in new window | Download (Duration: 7:38 — 7.0MB)

Қалатафондар қазақшалануы керек
«Тілдер туралы» заңға сәйкес еліміздегі қалтафондар қазақ тілінде ақпарат алмасуға қабілетті болуы тиіс.
Десе де 2008 жылы қабылданған заңды орындау әлі де мүмкін емес. Себебі қалтафондарды қазақшалаудың стандарты әзір емес.
ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігіндегі мамандар стандарт қалыптастыру үшін биылғы бюджеттен ақша бөлінгенін хабарлауда.
Қазақстанда қазір төрт ірі мобильді оператор бар. Олардың барлығы қазақша SMS хабарлар жіберуге дайынбыз дейді. Тек мәселе, шетел зауытында шыққан телефондардың қазақ тілін қолдамауында екен. Төмендегі үнхабардан мәселенің егжей-тегжейіне қанық бола аласыз.
Podcast: Play in new window | Download (Duration: 5:38 — 5.2MB)
Қаңтар айының басынан Қазақстан кинотеатрларында белгілі киноқоюшы Тимур Бекмамбетовтың «Қара найзағай» атты жаңа жобасы көрсетіліп жатыр. Киноның алғашқы жабық көрсетілімі 31 желтоқсанда Астана қаласында болды. Ұлты қазақ, бірақ Ресей азаматы саналатын Тимур Бекмамбетов көрермендерге өзінің «Түнгі шолушы» сияқты голливуд үлгісімен жасалған киножобаларымен танымал. Read the full story »
Podcast: Play in new window | Download (Duration: 2:01 — 1.8MB)
Блогқа үнхабар шығармағалы көп болды. Биылғы жылдың үнхабарын Сағын Қалдыбелов [Ансар] ашқалы отыр. Біз Ансар екеуміз төмендегідей тақырыптар төңірегінде әңгімелестік.
- «Болашаққа» адам өз еркімен түсе ала ма?
- Қазақстан білімді дамыту бойынша бірінші орында
- Ансардың болашақ жұмыс орны туралы
- Ансардың сыйлығы алдағы уақытта жалғаса ма?
Podcast: Play in new window | Download (Duration: 8:28 — 7.7MB)
Жексенбі күні Германиядан қуанышты хабар келді. Блогымыз Сағынның «Біздің ауыл» байқауының жүлдегерлер тізіміне ілігіпті. Еңбегімізді елеп жатқан ағайынға үлкен алғысымызды білдіріп, кезекті үнхабарды ұсынамын.
- Кезекті үнхабарда «Сауалнама» жайлы ән салып, блогосфераның тынысын бағалауға арналған сауалнама жайлы айтамын.
- Сондай-ақ, блогосфераның қара дауылына төтеп берген «Біздің ауыл» блогының авторының дауысын тыңдай аласыздар. Германия оқып жүрген Сағын эксклюзивті сұхбат берді. Ансар бұл байқауды не себепті ұйымдастырғанын, қазақ блогсферасына қатысты ойларын, неміс тіліндегі блогтар туралы пікірін ортаға салады. Бірақ жүлдегерлерге қандай сыйлық беретінін айтпады
- Жақсы блогшы болу үшін не істеу керек? Литваның бұрынғы шенеунігі өз еліндегі блогосферадағы жағдайға тоқталып, блог арқылы ақшта табудың литвалық құпиясымен бөліседі.
Үнхабарды әзірлеуде CC негізінде авторлық рұқсаты бар әуендер қолданды:
Budz Should I go or should I stay
M2mfull Motivation move
Alycia Lang These words
Podcast: Play in new window | Download (8.4MB)
Кезекті үнхабарымның қонағы болашақ қытайтанушы Дінмұхаммед Зиядин (суретте).
Димаш екеуміз:
- Қытайға баратын адамға арналған жадынама хақында
- Қытайда қазақ студенттерін неге түнгі клубқа кіргізбейтінін
- Қытайлардың мінезі
- Үрімжідегі жағдай
- Қытайда Димашқа ұнамаған нәрселер туралы
сөйлесеміз. Әңгімеге араласа отыр!
Қолданылған әуен: Кени Н. Гайал “Should I go or should I stay” (СС)
Podcast: Play in new window | Download (8.4MB)
Уәде берген Бішкек Баркэмпі жайлы үнхабарды ұсынып отырмын. Кезекті бесінші үнхабарда төмендегідей тақырыптар қамтылады.
- Бішкекте өзі не болып еді. Қысқаша шолу
- Қырғызстандық Шыңғыс қырғыз жастарының өмірі хақында
- Баркэмпке келгендердің ең сүйікті әлеуметтік желісі қайсы?
- Министрлердің қылықтары neweurasia оқырмандары арасында қызу пікірталасқа ұласты
- Америка қонағы қазақ блогшыларымен кездеспек.
Podcast: Play in new window | Download (11.4MB)
Кезекті үнхабар Қарағанды қаласында әзірленді. Әлия Сембаймен болған сұхбатты назарларыңызға ұсынамын. Әлиямен Қарағандыдағы қазақтар туралы сөйлесеміз деп едік. Бірақ тақырыптар төмендегідей болып кетті.
- Қарағандыда не себепті қазақтілді блогшылар аз?
- Интернетте «өз-өзіне қол жұмсау» тақырыбына қызығушылар көп.
- Қазақтілді блогшы мен орыстілді блогшының айырмасы мен ұқсастығы (Ақзере, Айко, Салтанат, Айконаға үлкен сәлем!)
- Қазақ тіліндегі әдепсіз блогтар туралы
- Қарағандыға қыдырып бара қалсаңыз…
Podcast: Play in new window | Download (5.8MB)
Өткен аптада шығуы тиіс үнхабарды бұл жолы сәл кешіктіріп жариялап отырмын. Негізі Конституция күні мен Білім күніне орайластырғым келген еді. Алайда, белгілі бір себептерге байланысты дер кезінде шығара алмай, алдарыңызда ұятты болып отырмын. Десе де үнхабарды тыңдап, пікір қалдырып жатсаңдар, қуанышты боламын.
Бұл жолғы үнхабарда төмендегідей тақырыптар қамтылады.
- Посткеңестік елдегі алғашқы ислам банкі Қазақстанда ашылмақ
- Констиутция күні қалай тойлануы керек? (шетелдегі қазақ студенттерінің пікір)
- Қонақ бала: Студенттік күннен қалған ең қызық күн. (блогшы Қуаныш Мағзуовтың оқиғасы)
- Түнгі Мелака базарының у-шуы мен Қытай әуендері
Құлақтандыру! Келесі жолғы үнхабарды Бішкекте өткен Баркэмпке арнағалы отырмын.
Podcast: Play in new window | Download (9.5MB)
Оразаларыңыз қабыл болсын! Бұл жолғы үнхабар төрт бөлімнен тұрады. Микрофоным дұрыс істемей, сейсенбі күні жариялай алмадым. Бұл жолғы үнхабардың шығуына атсалысқан барлық жанға алғысымды білдіремін. Өздеріңізден әдеттегідей пікірлер күтемін.
- Қытай саясаты Балқаш апатын тудыруы мүмкін бе?
- Қазақстан мен Малайзия: қазақ студентінің көзімен
- Шетелдіктер “Қазақстан” деген сөзді немен байланыстырады
- “Оразаңыз қабыл болсын!” – Мақпалдың тілегі
Орындалған әуендер: Кени Н. Гайал “Should I go or should I stay” және М.Бесбаев “Алланың бары ақиқат”
Podcast: Play in new window | Download (7.3MB)




соңғы пікірлер