Білім

Интернет

Саясат

Экономика

Қоғам

Home » Archive by Category

үнхабарлар

Үнхабар: Жапондар келе жатыр
Written by , Tuesday, 18 Aug, 2009 – 3:36 | 8 Comments

Бұл жолғы үнхабарда шетелдік басылымдардағы қазақ экономикасына қатысты жарық көрген ақпараттарға шолу жасалады.

  1. Жапондар қазақтың шикізатын пайдаланып, электронды машиналар шығармақ
  2. Кімге сенеміз? Дағдарыстан қашан құтыламыз?
  3. Ресей сарапшылары “Биылғы жарты жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан бізде озып кетті” дейді.

P.S. Қатты сөге көрмеңдер. Әлі де болса, үнхабар жасаудың қыр-сырын енді-енді меңгерудемін :) Келесі жолғысын Малайзиядағы қазақ жастарына арнасам деймін.

Play
Үнхабар: Заңдағы “интернет-ресурс” деген сөздің салдары неге апармақ?
Written by , Tuesday, 30 Jun, 2009 – 14:11 | 6 Comments

Журналистердің кәсіби мейрамы қарсаңында Елбасыға қол қоюға жіберілген заңның тағдыры көпшілікті алаңдатып отыр. Солардың бірі – белгілі қазақ блогшысы Ансар. Ол осы тақырыпқа орай арнайы зерттеу жасап, көптеген блогшылардан сұхбат алуда екен. Маған келген сауалға ауызша жауап беріп едім. Себебі түсінікті ғой деймін. Шетте жүрген соң, қазақша сөйлегің келіп тұрады екен…

Сонымен үнхабарда мынадай мәселелер қамтылады

  1. Заң жобасына қатысты көзқарасым?
  2. Егер заң қабылданса не болады?
  3. Бұл заңға қарсы болуымның басты себебі не?
Play
Алтын көпір: Республика күні неге атаусыз қалды?
Written by , Tuesday, 28 Oct, 2008 – 15:14 | 4 Comments

Кезекті үнхабарында Балғын Ерболқызы Республика күні қарсаңында жарыққа шыққан қазақ басылымдарына шолу жасайды.

“Өкінішке қарай, ұлттық басылымдар Республика күніне орай бір де бір мақала арнамапты”

дейді жүргізуші.

Play
Алтын көпір: ұлттық құндылықтарды патенттеу
Written by , Tuesday, 21 Oct, 2008 – 12:00 | No Comment

“Қазақ радиосынан” берілетін “Руханият бағдарламасының” кезекті «Алтын көпір» айдарын ұсынамыз. Бұл жолы Балғын Ерболқызы төмендегідей басылымдардағы мақалаларға шолу жасапты.

  1. «Әдебиет айдыны» республикалық апталығы Дәлелбек Батырдың «Ұлттық патриотизм қашан оянады?» мақаласы – патриотизм терминінің тіні мен ділі
  2. «Айқын» күнделігі «Құдайды да, Құнанбайды да білмейміз» деген кім? мақаласы – ұмытыла бастаған салт-дәстүр мен ұлттық құндылықтарға патент алу мәселесі.
  3. «Жас қазақ» апталығы – «Қоянды жәрмеңкесінің» мәні мен маңызы оның тарихы хақында.
Play
Алтын көпір: ұлттық намысымызды жасытып алмайық
Written by , Tuesday, 23 Sep, 2008 – 11:27 | No Comment

 Кезекті Үнхабарда төмендегідей тақырыптар қамтылады:

  1. Кәсіптік өнеріміздің қайнар көзі қайда?
  2. Монитордың арғы бетіндегі өмір
  3. Зайырлылық шарттарын жергілікті шарттарға қалай икемдейміз? (Түркия үлгісі)
  4. Қазақ әуелі өзін-өзі сыйлауы керек

Үнхабарды әзірлеп, жолдаған Бейсенова Балғынға үлкен алғысымызды білдіреміз.

Play
Алтын көпір: Қазақ баспасөзіне шолу
Written by , Sunday, 14 Sep, 2008 – 23:31 | 4 Comments

“Қазақ” радиосында “Рухани Руханият (түзеткен Балғынға рахмет) бағдарламасы” деген бағдарлама бар екен. :) (Күлген себебім, бағдарлама сөзі еріксіз екі рет жазылып кетті).

Өткенде редакцияға Балғын деген қыз бала хабарласып: “Газеттеріңнен шолу жолдап тұрсаңдар болады” деген соң, “Жас қазақта” шыққан кейбір мақалаларды түртіп, жазып жіберіп едім. Радиодан берілген хабарды тыңдай алмаған соң, Балғынға mp3 [емпыүш] нұсқасын жолдауын өтіндім. Соны жариялап отырмын.

Бұл шолуда қазақ тілінде шығатын бірнеше басылымдағы мақалаларға тоқталады. Ешқандай сын жоқ. Қазақ баспасөзінің әр аптада рухани, мәдени салада қандай тақырыпқа тоқталғанын білуге болады. Ашығын айту керек қазақ газеттері бұл тақырыптан жұтап отырған жоқ.

Балғын апта сайын осылай жолдап тұратын болса, Жаңаеуразияға жариялап тұрамын.

Бұл үнхабар шетелдегі қандастарымыз бен қазақ тілін үйреніп жүрген шетелдіктер үшін де аса пайдалы болар деген ойдамын.

Айтпақшы, осы көптен бері сұрағым келіп жүр еді, Сен қазақ тілінде қандай газеттерді алып оқисың? Неге?

Play
Үнхабар: “Сырласу клубы” ток-шоуы
Written by , Monday, 23 Jun, 2008 – 11:37 | 3 Comments

Назарларыңызға ұсынып отырған кезекті үнхабарды «MediaNet» Халықаралық журналистика орталығының студенттері Арай мен Гүлназ жасады. Бұл орталықта дәріс алғандар қорытынды жұмысы ретінде бір жоба жасап қорғаулары тиіс. Үнхабардағы “Сырласу клубы” атты ток-шоу радиохабарлары бұйыртса, әлі-ақ бір радионың арнайы бағдарламасына айналып кететін түрі бар тәрізді. Бүгін “MediaNet”-те жоба қорғау күні.

Гүлназ бен Арайдың алғашқы үнхабарын назарларыңызға ұсына отырып, қос құрбыға жобаларыңды сәтті қорғап, биіктен көріне беріңдер демекін.

  1. Ауылда тұратын ана мен қыз арасындағы қарым-қатынасқа қарағанда қаладағы ана мен қыз арасындағы қарым-қатынас қиындау
  2. Тыңдарманның сауалы: «Қызым үйден сұранбай кететін болды? Енді не істеймін?»
  3. «Мама, қойшы!» – дейді де өз бөлмесіне кіріп кетеді.
  4. SMS хабарламалардан келіп түскен кеңестер анасы қызының жағдайын түсініп, өзі рұқсат беруі керек дейді.
Play
Үнхабар: Тарихтан тәбәрік
Written by , Monday, 14 Apr, 2008 – 14:02 | No Comment
Қазиза апа – қазақтың басынан өткен нәубетті жылдарды көзбен көріп, көңілге түйген санаулылардың бір еді…

Шежіре тарқатып, көнеден сыр суыртпақтайтын, тіл тұнығын сақтап қалған қарттарымыз азайып барады. Блогымда сондай көнекөз қартпен болған сұхбатымды жариялаған едім. Сол әңгіменің аудиоға түскен бір кесіндісінен үнхабар жасап, оған әдеби-сазды үнхабар деп ат қойдым.

Негізінен интернет технология мүмкіндігін пайдаланып, тарихымыздың ұмытылып жатқан тұстарын жариялап, жаңғырту мүмкіндігі көп қой. Бұл - соның бір көрінісі ғана. Үнхабарларға қатысты пікірлеріңді біліп отырсам, алдағы жұмыстарымды үйлестіруде көп септігі тиер еді. 

  1. Қырық үйлі Қамбар
  2. Аштық жылдарындағы халықтың күйзелісі
  3. Репрессия жылдары
  4. Екінші Дүниежүзілік соғысты қалай қарсы алды?
Play
Үнхабар. Дәурен Бабамұратұлы: Ресей скинхэдтерімен күресімізді тоқтатқан жоқпыз
Written by , Friday, 14 Mar, 2008 – 14:21 | One Comment
Скинхэдтердің қылмысын тіркеп, дәлелдеу қиын

Бұл үнхабарда «Болашақ» республикалық қозғалысының төрағасының орынбасары Дәурен Бабамұратұлы төмендегі мәселелерге тоқталады:

  1. Қазақстандағы Ресей елшілігі алдындағы митинг
  2. Ресейдегі скинхэдтердің бәрі қылмыстық жазаға тартылып жатқан жоқ
  3. Мәскеудегі КВН-де Қазақстан жалауын көтерген үшін қазақ жігітінің аяқ қолы он екі жерден сынған
  4. Ресей миллиардерлер жөнінен Американы басып озды
  5. Әлеуметтік теңсіздік жойылмайынша бұл проблема жойылмайды
Play
Үнхабар: Семинардың бірінші күні қалай өтті?
Written by , Friday, 2 Nov, 2007 – 7:30 | 3 Comments

Кезекті үнхабарымызда Бішкектегі семинардың бірінші күнінен алған әсеріміз сөз болады. Сонымен қатар жаңа қазақ блогшысы Әлиямен таныстырамыз. “Орта Азия елдері үшін блог неліктен маңызды?” деген сауалға жауапты да осы үнхабардан табасыз.


Play