үнхабарлар
Бішкекте болып жатқан Орта Азия елдерінің блогшыларына арналған семинар жайлы үнхабарымызды осы жерден және Блог туралы блогтан тыңдай аласыз.
Суретте: Қазақстаннан келгендер: Қуаныш, Әлия, Нұргелді.
Podcast: Play in new window | Download (11.7MB)
Қуаныш блогында өзі жазған podcast орналастырыпты. Тыңдап көріңіздер.
Тыңдау үшін Блог жайлы үнтаспа деген тақырыпты басыңыз да, ашылған беттегі файлды жүктеп алыңыз.
Подкасты туралы Қуаныш былай депті:
Алғашқы poscast-ым. Мен бұл подкаста блог туралы қысқаша түсініктеме беріп кеттім. Подкаста: Блогта не жазуға болады?, Блогтың сайтқа қарағандағы артықшылығы қандай? және ондағы үйлесу құралы RSS технологиясы не? деген сұратарға жауап таба аласыз деген ойдамын
Алғашқы подкастингті сынап көріп жатырмын. Егер бәрі ойдағыдай болса, Германияда туып өскен қазақ қызымен болған сұхбатты тыңдай аласыздар. Алғашқы поткаст болғандықтан әлсіздеу шыққанын мойындаймын. Подкастингті жақсы меңгерген соң, сапалы радиохабарлар ұсынармын деген үміттемін.
Өзгежанмен Прагадағы Блогшыларға арналған семинарда кездестік. Ол “Жаңаеуразия” блогына ағылшын тілінде хабарлар жазып тұрады екен. Қазақ тілінде де блог ашылғанын естіп қатты қуанды. Еуропада тұрып жатқан қазақ жастары ана тілін ұмытып, еуропа мәдениетінің ықпалында кетіп бара жатыр дегенді көп еститінмін. Өзгежанды бұл жастардың санатына қосуға болмайды және ол секілді ұлтжанды жастар Еуропада көп пе деп қалдым. Еуропадағы білімді жастар секілді Өзгежан да ана тілімен қатар неміс, ағылшын, түрік, француз тілдерін еркін меңгерген. Өзінің ғылыми жұмысына Орта Азиядағы саяси өзгерістерді тақырып етіп таңдап алуды ойластырып жүр. Өзгежанның алар асуы алда деп білемін!
Сұхбаттың аудионұсқасын тыңдау үшін мәтіндегі қызылмен боялған “алғашқы подкастингті” деген сөз тіркесін шертіңіз.
Podcast: Play in new window | Download (4.4MB)
.jpg)
.jpg)



соңғы пікірлер