видеоблог
Тұрмыс-салты ортақ болған ұлыстардың тағамдарында да ұқсастықтар көп. Тұрсынжан әзірлеген ұйғырша наның дәмін татып көрсем де, қалай әзірленетінін білмеген екенмін. Бұл жолы Тұрсынжанның нанды қалай пісіргенін бірге көре аламыз.
Редактордан: Теледидар идеологияны қалыптастыратын мықты құрал. Қазақстанда балаларға арнап, арнайы “Балапан” телеарнасы ашылса да ол өзін ақтамай отыр дейді біздің авторымыз Мәншүк Ахметова. Төмендегі жазба Мәншүктің теледидар арқылы балаларды тәрбиелеу тақырыбына арналған.
Бұл әнді ең бірінші рет 3 жасар інімнен: “Ауырмайды жүрек, ауырмайды” деп айтқанда: “О, Алла, мына өмірге кеше ғана келген баланың мынаусы несі?” деп шошып кеттім. Барып тәтемнен сұрасам: “Ой, ол клип ХитТВ-дан беріліп жатыр. Қайрат Нұртас айтады. Соны жаттап алған ғой”,-деді. Сонда барып түсіндім. Қазір бәрі осы әнді былайша айтқанда “өліп” тыңдайды ғой, ал мен сол інімнің аузынан естігелі бұл әнге деген махаббатым оянбай-ақ қойды. Әнші хит үшін осындай ән таңдап жатса, ал кішкентай балалар бұл әндермен уланып жатыр деп айтуға болады. Read the full story »
C4D – Біріккен Ұлттар Ұйымының түсіндірмесінде өркендетегуе бағытталған жобаларды үлестіру үшін қарым-қатынастар орнату деген мағына береді. Алматы қаласында ұйымдастырылған арнайы тренингте ұлттық маңызы бар жобаларды жүзеге асырудың жолдары үйретілді. Солардың бірі ретінде телехикаялар да қолданылады екен.
Қазақстан, Ресей және Белоруссия бірігіп, Кедендік Одақ құрып жатыр. Мемлекеттердің арасында экономикалық интеграциядан бір елдің зардап шегетіні сөзсіз. Тарихита мұндай экономикалық интеграциялардың соңы ортақ федеративтік республикалардың құрылуына алып келетінін көрсеткен тәжірибе бар. Осыған қатысты блогшылар өздерінің ойларымен бөлісуде. Видеода танымал журналист Ербол Азанбек өз пікірін білдіреді.
Алматыда мамыр айының басында Құран өнерінің көрмесі өтті. Малайзида басылып шыққан Құран қазақтың оюларымен көркемделіп, ішіне қазақша, ағылшынша аудармалары енгізілді. 10 мың данамен шыққан Құран тегін таратылды.
Алматы мемлекеттік табиғи қорығының инспекторы Иса Бикаев: “Есік көлінің ерекшелігін аспаннан қараған кезде байқай аласың. Ол жүрекке ұқсайды. Бұл де тегін емес” дейді.
Аз уақыттың ішінде қазақ тілін үйреніп алған американдық Джонатан жайлы youtube-тағы видео көпшіліктің есінде болар. Сол видеоны түсірген Жәмила KIMEP-те “Сөйле” атты қазақ тілі клубын құрып, Джонатанды өз тәжірибесімен бөлісуге шақырған. Бұл кездесуге сонымен қатар Джонатан жайлы арнайы фоторепортаж жасаған Қарлығаш та келді. Солармен кездесіп, аз-маз тілдескен едім.
Алматының бүгінгі бүлдіршіндерінің сүйікті ойыншығы қайсы? Алмапыс пен Ақжүністі балалардың білмеуінің сыры неде?
Осы сұрақтарға жауап табу үшін “Мультимедиа практикумы” курсының қатысушысы Айдана Нұрмұханның “Алматыдағы қазақилық” жобасы бойынша Диана есімді бүлдіршінмен әңгімелескен еді. “Менің ойыншықтарым” атты жұмысын назарларыңызға ұсынамын.
Қазақ өзінің болмысына үңіліп келе жатқанына, ортақ бір идеология іздеп келе жатқанына жиырма жыл болып қалды. “Практикалық мультимедиа” курсындағы студенттеріме “Алматыдағы қазақилық” тақырыбында аудиослайд жасауға тапсырма берген едім.
Алматыны батыстанған, ірі қала, қазақы нақыш байқалмайды деген күннің өзінде көре білген адам өзіндік бір сипаты қалыптасып келе жатқанын байқар еді. Студенттер осыны қалай көре білер екен деген ой болды.
Аудиослайд жасаудың енді меңгеріп келе жатқандықтан техникалық кемшіліктер әрине байқалады. Десе де жұмыстарындағы айтып отырған идеялары мен ізденістері мені тәнті етті.
Жаңылай Базарбаевның жұмысын ұсынып отырмын. Мен бұл жұмысқа “Менің анам” деп ат қойдым. Себебін көріп болған соң түсінерсіз деп ойлаймын. Алдағы уақытта басқаларын да жариялап отырамын.



соңғы пікірлер