Білім

Интернет

Саясат

Экономика

Қоғам

Home » Archive by Category

видеоблог

Астанадағы бір күнім
Written by , Monday, 5 Jul, 2010 – 18:23 | No Comment
Астананың мерейтойы қарсаңында бір күнге барып, қаланы аралап келген едім.

IMG_6337

Есімде ерекше қалғандарын тізбелейтін болсам, былайша өрілмек: Read the full story »

Жаңа медиа қазақ тілінде дамуда
Written by , Sunday, 6 Jun, 2010 – 13:13 | No Comment

Қой бизнесі
Written by , Tuesday, 11 May, 2010 – 8:08 | One Comment

qoiДемалысқа ауылға барған едік. Інішек қой қырқып отыр екен. “Жүнін қайда өткізесіңдер?” десем, “Білмеймін” дейді. Содан сол ауылдың азаматтарынан сұрастырсам, келісі 300 теңгеден Қытайға өткізеді екен. Кейін сол өз қойымыздың жүнінен тоқылған киімді Қытайдан сатып алып жүргенге ұқсаймыз.

Қой жүні нарығына қатысты ресми мәліметтер қарастырып көріп едім. Кезінде Радиода істегенде арнай хабар дайындаған екенбіз. Сондағы деректерді ұсынып отырмын. Read the full story »

Men qazaqpyn
Written by , Saturday, 12 Dec, 2009 – 23:44 | No Comment

Kazakhstan’s entry for Asiavision, Asia’s pop music contest.

Денис Тен – Қазақстаннан шыққан “феномен”
Written by , Friday, 3 Jul, 2009 – 9:27 | 9 Comments

Шетелде адамның болмысы ұлтына емес, азаматтағына қарай анықталады. Мәселен, Қазақстаннан барған азаматтардың барлығын америкалықтар “қазақ” деп қабылдайды. Бұл жерде олар ұлтын емес, азаматтығын айтып отыр. Баспасөзі де солай жазады.

Әдетте “Қазақстандағы өзге ұлт өкілдері азаматтық қоғамның дамуына ат салыспайды, сылбыр қарайды. Қазақ тіліне құрметпен қарамайды” дегенімізбен, олардың шетелдегі жеңісі де, жеңілісі Қазақстанға қатысты айтылады. Санаулы ай бұрын Лос-Анжелесті таңқалдырған 15 жастағы алматылық Денис Теннің [орыс.т]өнері осыған мысал бола алады.

Наурыз айында АҚШ-тың Лос-Анжелес қаласында өткен жасөспірімдер арасында мұзда мәнерлеп сырғанаудың әлемдік жарысында жүлдегер атанған баланы «феноменге» балаған журналистер «Денис Қазақстанның атын әлемге танытты» деп жар салуда. [ағыл.т] Goldenskate.com сайтындағы «Денис Тен – Қазақстаннан келген “керемет”» деп аталатын көлемді мақалада Денистің спортқа келудегі алғашқы қадамдары суреттеледі. Read the full story »

Букит-Бинтаң келбеті
Written by , Friday, 27 Mar, 2009 – 2:40 | 12 Comments

Бес минут уақытыңды бөліп, менімен бірге Букит Бинтаң көшесін аралап қайтуға шақырамын.

Ескерту: Букит Бинтаң – туристік орталық. Бұған қарап, күллі Малайзия осындай екен деген ой тумағаны жөн.

Бұл видеоны жариялауымның тағы бір себебі бар. Бүгін кешкі 20.30-21.30 аралығында осы көше әлемнің басқа да қалалары тәрізді қараңғылық құшағына енбек. Дүние жүзінің көптеген қалалары “Жер сағаты” акциясы аясында бір сағатқа жарықты өшірмек. Бұған қатысты қазақ блогшыларының да айтар өз ойлары бар. Мәселен, Нұрғиса осы тақырыпқа қатысты өзінің жазбасында:

Астанамыздан соң іле-шала бұл бастаманы басқа кенттер де іліп әкететін ұқсайды. Майшам жағып отырып бір мезгіл экожүйенің біртұтастығы хақында толғанып көру, әлбетте, игі іс. Read the full story »

Балқаш көлінен бір айда 350 USD пайда тауып жүр
Written by , Saturday, 21 Mar, 2009 – 7:04 | One Comment

Өткен айларда немере інім Балқаштағы нағашыларына барып қайтқан. Көлдің жағасындағы бір ауылда тұрады екен. Тұрғындардың бәрі дерлік балық шаруашылығымен айналысады.

Жазға қарағанда қыста балық аулаған оңай екен. Себебі ауды мұздың астына құрады да, теріп алады. Балықтың бір келісін 250 теңгеден сатады. Күніне кем дегенде он келі балық түседі. Бір айда орта есеппен,  шамамен $ 350 табыс көреді екен.

Мәліметпен Қалтафонмен түсірген видеосымен бөліскен Медет бауырыма алғысымды білдіремін.

Қазақ зергері
Written by , Tuesday, 15 Jan, 2008 – 4:08 | 6 Comments

Қазақ зергерінің ұстаханасынан бейнехабарды тамашалаңыздар. Жас зергердің қазақтың өшіп бара жатқан өнерін дамыту жолында атқарып жатқан істерін өз көзіңізбен көріп, бағалаңыз!

Бұл бейнехабар арқылы қазақ жастарының бұл күндері кәсіпкерлікпен қалай айналысып жатқанын, ұлттық құндылықтарды қалай сақтап жатқанын көрсеткім келді.