Neweurasia - Kazakhstan

Ақ үй сыртқы саясатын түзуде жаңа медиаға күш салмақ
Жаңа медиа технологиялар саясаттың бір құралына айналмақ. АҚШ үкіметі енді блогтар мен әлеуметтік желілерді сыртқы саясаты үшін де пайдаланады. Сайлау алды кампания тұсында WEB 2.0 ішкі саясатты реттеуде жақсы құрал екені, енді оны сыртқы саясат үшін де пайдалануға болатыны анықталды.

Алек Рос – Ақ үйге келген жас демократтардың бірі. Барак Обаманың сайлау кампаниясында жаңа медиа құралдардың стратегиясын әзірлеген жан. Қазіргі таңда технологиялық өзгерісті күллі мемлекет үшін тиімді пайдалану үшін еңбек етуде. Ресми лауазымы – Мемлекеттік Хатшының Инновация бөлімінің жетекші маманы.

Әлеуметтік желіні қолдану тәжірибесімен бөлісу үшін шақырылған әлемнің 33 елінен келген журналистер алдында Алек Росс технология көмегімен Гаити тұрғындарына америкалықтар ақша жинап бергенін, Мексикадағы қылмыстың алдын алу үшін пайдаланып жатқанын мысалға келтірді.

“Қарапайым америкалықтар арасында смартфон қолданушылар саны өскен сайын, кешкі жаңалықтардан гөрі қалтафон видеосы ел ішінде танымал. Сондықтан да біз Оңтүстік Коралина электоратымен қалтафон арқылы байланыс орнаттық” дейді Барак Обаманың сайлау алды кампаниясында жаңа медия үшін жауапты болған Джереми Бэрд.

2007 жылғы өткен Президент сайлауы күллі әлемге технология әлеуетінің артқанын танытты. Әрі Барак Обама АҚШ-тағы ең жас, әрі техниканың құлағында ойнайтын тұңғыш президент атанды. “Ендігі кезекте келесі сайауда оппозиция өкілдері осы құралды дұрыс пайдалану үшін қазірден қамданып жатқаны аян” дейді Джереми.

Ақ Үйге келген демократтар арасында әлемдегі ең танымал микроблог – twitter-ді қолданатындар саны көп. 2009 жылдың 30 қыркүйегіндегі мәліметтер  бойынша Конгрестің 205 өкілі Twitter-ге тіркелген. Оның 39-ы сенаторлар.  166 конгрес өкілдері. 60 пайызы республикашылдар болса, 40 пайызы  демократтар.

Мемлекеттік Хатшы Хиллари Клинтонның өзі 12-15 жастағы жасөспірімдерден жасақталған Жаңа медия технологияны сынап көру бөлімінің қызметкерлерімен кездесіп тұрады.

Бұл жайттың барлығы алдағы уақытта АҚШ үкіметі жаңа медианы өзінің саясатын жүргізу үшін де пайдаланатынын танытады. Өз кезегінде сыртқы елдің “демократиясынан” қорғану үшін дамушы елдердің билігі қорғанысқа көшеді деуге негіз бар. Қазірдің өзінде Қазақстанда Интернет кеңістікті реттеуге бағытталған арнайы заң қабылданған. Батыс әлемі жаңа медианың белсенді қолданған сайын, өзге елдерде интернеттегі бостандық үшін күресуші қайраткерлердің жапа шегуі ұлғая түседі деп болжам жасауға болады.

Nokia тренингінен соң түйген ой
Бұл  “Айбегім” блогының авторы Аида Тақабаеваның Nokia тренингінен соң жазған ойы.

Телефон шыр етеді, сонда есіме естен кетпес кездесу орала кетеді. Жай ғана кездесу емес, таным көкжиегін кеңейткен кездесу, ойландырған, толғандырған кездесу.

“Nokia” компаниясы ұйымдастырған тренинг ойдағыдай емес-ау, одан да жоғары дәрежеде өтті. Танымал қалтафон компаниясы тренинг өткізгелі жатыр дегенде, жылтыр жарнамамен шығарып салар көп жиынның бірі ғой деп ойлағанымды жасырмаймын. Танымал телефон демекші, оны қанша жақсы білеміз дегенімізбен, түк білмейтін болып шыққанымыз қызық болды.

“Nokia” компаниясының тарихы сонау ХІХ ғасырдан бастау алады дегенге таң қалмай көріңіз. Дүниежүзін дүр сілкіндірген алып компания Финляндияның аядай ғана ауылының атын иеленіпті. Оның өзі ойландыратын жайт. Әлемдік брендтердің бірі біздің де бір ауылдың атыман аталса, шіркін! Мұндай тамсандыра ой салдырған жайттар мол болды бұл күні. “Nokia” 2015 жылға жоспарлаған жаңа шығарылымының өзі керемет емес пе? “Суға салса батпайтын, отқа салса, жанбайтын” нағыз мықтының өзі. Таң қалмасқа шараң жоқ. Десек те, аузымызды айқара ашып қашанғы елдің таңсығын тамашалап отыра береміз деген ой қылтияды. “Адам істегенді-адам істейді” қағидасына салсақ, Қазақ елінен де талай брендтер шығатын уақыт жетпеді ме? Қазірше, Қазақстанның қарапайым халқы қалтафонды қажеттіліктен көрі, қызық дап қана танитынымыз рас. Сөйтсек, оның “крутойлығы” біз ойлағандағыдан да бөлекте екен. Тілін тапсаң, қалтафонмен-ақ көп дүниені тындыруға болатын көрінеді. Кездесуден кейін осыны түйсіндім.”N…” “E…” сынды ұялы телефон маркаларының да айтары көп болып шықты. Сол арқылы адам психологиясына бойлауға болады десе, бұрындары сенбеген болар едім. Тренер Ерден ағай “Nokia” тұтынушылардың барлық тобы мен табын қамтиды дегенді төрт түрлі жағдай арқылы оңай түсіндіріп берді. Білім көкжиегінің кеңейгеніне мысал бұл ғана емес. Тренинг барысында тренерден мол мағлұмат алып үлгердік. Тиянақты, әрі жан-жақты дайындалғаны байқалады.

Тренингтен кейін алдыңғы ойымның мүлде қате шыққанына қуандым. Үйге қарай асқақ сезімнің жетегінде қайтқаныммен, көп ұзамай көңіл құлазыды. Автобустан далаға көз жібере отырып аппақ армандардың ауылы алыстап сала бергені. Әсіресе, дірдек қағып ұсақ-түйек сатып тұрған әнеу бір бала назарымды аудара берді. Шіркін, дейсің мұндайда. Біз қаныққан жайттан мына бала да хабардар болар ма еді. Сонда әлем қара базардың тар аумағынан баяғыда алыстап кеткенін түсінер еді. Түйсінер еді де, замана тамырының соғысын аңдыр еді. Нанотехнологияларға төрін босатып беріп отырған болашақтың бағдарын бағамдар еді. Сөйтер еді де, өзі де талпынар еді, талаптанар еді. Сонда бәлкім, әлемдік брендтердің бірін қазақтың қарадомалағы ойлап тапты деп жаһанға жар сала сүйінші сұрар ма едік?…Сүйінші демекші, осы жолы журналистиканың, оған жүктелер жауапкершіліктің жеңіл емес екенін мойындағандай болдым. Қарапайым халыққа көп жайтты ұғындырар журналистің қалам атты қаруы емес пе? Демек, халықтың көзі ашылып, көкірегі оянуы үшін қаламгер қайраткерлер мүлгіп кетпеуі керек екен. Есте мәңгілік сақтайтын жайт. Қалтафонның журналист үшін таптырмайтын құрал екенін айттық.Тетіктің тілін табармыз-ау, замананың аңдысын аңди алар ма екенбіз? Осы ойландырады.

Бағымыз бер екен.Оңтүстік Шығыс Азия елі бойынша бұл тренинг алғаш рет біз үшін ұйымдастырылыпты. Сосын бірінші рет туған тілімізде.

Зәулім сарайдың жарық әрі кең бөлмесінде ұйымдастырылған кездесуден көп ой түйіп қайттық. Ғимараттың есігін итере жапқан сәттен жаңашыл сезімнің, жаңа түсініктің, жаңа технологиялар әлемінің, жаңа заманының есігі айқара ашылғандай болды.

Қазақ баласын асырап алу қызметі үшін Америка компаниясы 30 мың доллар сұрайды
The Economist басылымының хабарлауынша Гватемала елімен қатар Қазақстанда да бала асырап алу қызметін ұсынатын агенттіктер көп.

Еуропалық Комиссияның ресми өкілі Роэль Пост – бала асырап алу ісін зерттеп жүрген бірден бір маман. Ол өзінің соңғы кітабын әлсіз әрі кедей елдерден бала асырап алушылардың мүддесін көздеп жүргендерге арнады.

Аталған тақырыпта зерттеу жүргізген келесі бір маман Уолф Муррей Румыниядан 1900 бен 2000 арасында асырап алынған 30 000 баланың 20 000 қазір ұшты-күйлі жоғалған. “Әдетте соғыс немесе табиғи апаттардан соң, бала асырап алушы агенттіктер құзғындай қаптап кетеді” дейді Уолф Муррей. Олар көбіне баланы оңай жолмен асырап алуға назар аударады.

Дүниежүзі бойынша балаларын Халықаралық асырауға ұсынатын елдердің ішіне Қытай, Вьетнам, Қазақстан және соңғы уақытта Гватемала қосылды. «Бұл елдердің барлығында бала асырап алуға қатысты заңдылықтар қатаң емес», – дейді Уолф Муррей «The Economist» басылымына берген түсініктемесінде.

Америкада да бала асырап алу қызметін ұсынатын компаниялар жетерлік. Солардың бірі – For This Child, (ағыл. Осы бала үшін) деп аталады. Аталған ұйымның ресми сайтында Қазақстаннан бала асырап алуға ұсынылатын бағалар белгілеген. Ұсынылған қызмет түріне  баланың күллі құжаттарын реттестіру, кеңес беру, Қазақстандағы бала асырап алу ісін жәрдемдесетін арнайы ұжымның қызметі, үй жалдау, Білім министрлігімен және балалар үйінің өкілдерімен кездесу, Алматы мен аймақта бала асырап алудың барлық қадамын түсіндіру және Білім және ғылым министрлігінің жұмысын түсіндіру кіреді. Осы қызметтері үшін Америка компаниясы 21 000 АҚШ долларын алмақ.

Бұдан бөлек, есептелмеген тағы басқа да шығындар бар екен. Олардың ішіне балалар үйлеріне, ондағы тәрбиешілер мен тәрбиеленушілерге сыйлық беру де бар. Ол шамамен 500 доллар маңайында. Сонда жалпы есепте шамамен 30 мың АҚШ долларына Қазақстаннан бала асырап алуға болады.

Саятшылыққа қызыққан қыз
Қарағанды облысындағы Шет ауданында қаракөз, бұрымды, көрікті Мақпал деген қыз бар, соңғы екі-үш жылдың ішінде оның аты телевидение, газет пен интернетте жиі айтылатын болды. Неге десеңіз, Мақпал Әбдіразақова – бүкіл Қазақстанға белгілі құсбегіші, талай республикалық жарыстарға қатысып, жеңімпаз атанған. Өткен айда сәті түсіп, Мақпалмен танысып, әңгімелесуге мүмкіндігім туды, төменде әңгімемізден үзінді.

- Мақпал, алғашында саятшылық немен қызықтырды, құс баптау кәсібіне қалай келдің?

- Бала кезімде әкем – белгілі құсбегі Мұрат Әбдіразақов – үйде жоқта құсқа тамақ беріп, қолыма шақырып, баптауды үйрене бастадым. Кейін оны аңға қалай салатынын да өз көзіммен көрдім. Осылайша ішкі жан-дүниеммен осы өнерді қаладым.

- Үлкен жарысқа алғаш рет қашан шықтың, ол қай жерде болды?

- Үлкен жарысқа 2002 жылы он үш жасымда шықтым. Бұл жарыс Алматы облысының Есік қаласында болған. Сол кезде үлкен кісілер баталарын беріп аттандырған болатын. Дәл осы жарыста бас жүлдеге ие болдым.

- Осы күнге дейін қанша құс баптадың, олардың бір бірінен айырмашылығы қандай екен? Мысалы, жарыстарға бірге шығатын Ақ желкеннің басқалардан ерекшелігі неде? Қырандардың мінездері жайында да айтып өтсең.

- Алдында айтып өткенімдей, бала кезімнен құс баптауға қызықтым. Олардың ішінде бүркіт те, қаршыға да бар. Қаршығалар қыста біздің аяздарымызға онша шыдамайды. Жарыстарға Ақ желке бүркітіммен шығамын, қазір ол сегізде. Кейде ашуланып қалатыны бар, ол кезде онымен жылы сөйлеп, бір бабын табуға тырысамын. Мен жоқта басқаларға томағасын кигізбей, жатырқайтыны да болады. Даусымды біледі, алыстан естіп, танып қояды.

- Өзіңді саятшылық жарыстың спорттық сипаты әлде өнердің табиғи сұлу­лығы көбірек  қызықтырады?

- 1999 жылы елімізде құсбегілер жарысының ережесі қабылданды, осыдан кейін саятқа ұлттық спорт түрі ретінде қалай қарамасқа. Бүркітшілік өнерімен спорт шебері атандым. Саяттың денсаулыққа пайдалы спорттық қасиеттері де бар. Таза ауада серуен құрып, қансонарда із қуып, сан қилы қызықты көзбен көргенде шаршағанның сейіліп, жақсы тынығасың. Саят дертке шипа, бойға қуат беретін өнер, әрі спорт.

- Қазақтың саятшылық өнерін ары қарай дамытамын деген арманың бар екенін бұрын берген сұхбаттарыңнан білемін. Жалпы, Испанияның өзінде 160, ал Қазақстанда 40 қана құсбегі бар деген мәліметтерге қарағанда, ұлттық жарыс ретінде қыран баптау өнері жайында адамдар көп біле бермей ме, әлде осыған қызығушылық танытпаудың басқа салдары бар ма?

- Біздің қарағандылық «Қайрат» ат спорт мектебінде бүркіт ұстауды, тамақтандыруды, баптауды үйретеді. Оған біраз жастар, балалар қатысады, ішінде құс баптауға қатты қызығатындар да бар. Менің айтпағым, дәстүрімізді жаңғырту – құсбегілік өнерін дамыту – енді-енді жолға алынуда. Жыл сайын жарысқа келген қатысушылар саны көбеюде. Болашақта халқымыздың көне дәстүрі әлемдік деңгейде танылады деген сенімім бар.

- Әңгімеге көп рахмет, қанжығаң майлана берсін.

Ана болғысы келетін студенттердің 60 пайызы анемияға шалдыққан
Студент кезімізде қатпарлы самсалар тым танымал еді. Сонымен түстенетінбіз. Кейде кешкі асымыз да сол болатын. Қанша жерден денсаулыққа пайдалы емес екенін білсек те, студент болған соң, шынымен көп нәрсеге мән бермейді екенсің. Негізі қанша жерден студент болсаң да, таңертең, түсте жақсылап тамақтану керек. Төмендегі деректерді оқып, төбе шашым тік тұрды. Қатарластарымның арасында денсаулығы мықты адамды табу да қиын. Әсіресе, асқазаны ауыратындар көп.

Ресми мәліметтер дүниеге сәби әкелуге қабілетті дейтін жастарымыздың денсаулығы жыл өткен сайын нашарлауда дейді. Асфандияров атындағы қазақ ұлттық медицина университеті студенттер арасында сауалнама жүргізген.

Сауалнамаға қатысқан қыз балалардың 60 пайызы анемия, яғни қан аздығына шалдыққан. Дей тұрғанмен олардың әрбір екіншісі ана болғысы келетінін жасырмаған. Ректордың кеңесшісі Жанар Мустафинаның ойынша студенттердің денсаулықтарының күрт нашарлауына жатақханалардағы жағдай мен дұрыс тамақтанбау себеп болуда.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы болашақ ана болады дейтін студенттердің 47 пайызы асқазан-ішек ауруларымен, 31 пайызының несеп-жыныс жүйесі ауыратынын, 12 пайызының эндокринді жүйесін шұғыл арада емдеу қажет деген қорытындыға келді.

Мұның бәріне жас кезінде студенттердің уақытылы емделмегендіктен, әрі ем-дом қызметі сапасының төмендігі кінәлі дейді мамандар.

Елімізде мемлекеттің әлеуметтік саясатының нәтижесінде 2020 жылы халықтың саны өсіп, өмір ұзақтығы 72 жасқа дейін жеткізу жоспарланған. Десе де соңынан болашақ ұрпақ қалдырады дейтін жастар арасында аурулардың көбейюі бағдарламаның оң нәтиже беруіне күдік ұялатады. Соңғы санақ бойынша елімізде 16 млн. аса адам тұрады.

Құрметті Қазақстанның олимпиада комитеті…
Интернеттегі жазбаларымызға жиендік жасаушылармен күресіп жүргендерді білемін.  Енді жиендік жасаушылар қатарына өзге бір шетелдік блогшы Қазақстанның Олимпиада жасау комитетін жатқызыпты.

Ванкувердегі олимпиада ойындарына орай қазақ спортшыларының кім екенін білгісі келіп, қызығып жүргендер баршылық. Солардың дені шетелдіктер. Сондай шетелдік азамат өзінің жеке блогына

“Құрметті Қазақстандағы Олимпиада комитетінің төрағасы” атты жазба орнатыпты. Жазбасында “сайттарыңнан бір де бір жөні түзу мәлімет таба алмадым. Спортшыларың туралы неге мәліметбермейсіңдер. Спортшылар туралы деген жерді қарасам, Ванкувер олимпиадаcы сайтындағы деректі көшіріп басып қойыпсыңдар. Ең болмағанда сілтемесін берсеңдер қайтеді”

деп күйінеді.

Күні ертең Азиада ойындары келе жатыр. Спортшыларың туралы мен-ақ әдемі деректер жинап, орналастырып тұрайын” депті… Спорт тақырыбына қызығатындар жетерлік. Десе де осындай олқылықты бейресми сайттармен де толтыруға болар еді. Есімде блогшымыз сондай бір спорт блогын ашуды ұсынып еді. Ниеттес жандар табылып жатқан сыңайылы. Енді Олимпиада комитетіне хабарласып, мән-жайға қанығу керек болды. Құдай біледі, осы сайтты да жасау үшін бюджеттен ақша бөлінген шығар

Қазақ тілін дамытуға бөлінген ақша қайда жұмсалмақ?
Мәдениет және ақпарат министрлігі қазақ тілін оқытудың бағдарламасын таныстырды. Мемлекеттік қызметкердің тіл қоржыны 19 оқулықтан құралған. Бір атап өтерлігі қазақ тілі шенеуніктерге еуропадағыдай алты деңгей бойынша оқытылмақ. Яғни, алтыншы деңгейді бітірген мемлекеттік қызметкер электроны тест арқылы өзінің білімін бағалай алатын дәрежеде болуы тиіс. Әзірге «тіл қоржыны» қанша данамен шыққаны, әрі оны шығаруға қанша қаржы жұмсалғаны белгісіз.

Биылғы жылы мемлекеттік тілді дамытуға республикалық бюджеттен 4,7 млрд. теңге бөлінді. Өткен жылы тоғыз бағдарламаны жүзеге асыру үшін 5 млрд. теңге бөлінген еді. Алайда бұл бағдарламалардың аттарына қарап, ақшаның қайда, қалай жұмсалғанын түсіну қиын. Мәдениет  министрлігінің тіл комитетіне «Қаржының көп бөлігі қандай бағдарламаға жұмсалды? Неге?» деген сауал жолдаған едім. Жауаптарында өзге бағдарламалармен қатар қаржы «Қазақстан халқының мемлекеттік және басқа да тілдерін дамыту «ҚР азаматтарының қазақ тілін білу деңгейін бағалау», бағдарламасы бюджеттік бағдарламалар бойынша игеріледі деп жазылған. Алайда осы бағдарламалардың ішінде Қазақстан азаматтарының қазақ тілін білу деңгейін қалай анықталатынын түсіну қиын. Қазақстанда тұратын әрбір азаматтың тілді білу деңгейін қалай анықтайтынын көзге елестете де алмаймын. Жеке менен ешкім келіп, қазақ тілін қандай деңгейде білесің деп ешкім сұраған жоқ. Әрі мектеп оқушыларының қазақ тіліндегі бағасын күнделіктеріне қарап білуге болатын болса, өзгелердікіні қалай анықтамақ?

Қазақ баласын асырап алған америкалық әкенің ойы
Төмендегі мақалада Қазақстаннан екі бала асырап алған америка азаматыныны енді тағы да екі қызды асырап әкеткен және Қазақстанға қатысты ойлары сөз болады.

Метюдің қазақилығы

Джой отбасымен бірге Қазақстаннан тағы екі қызды асырап алу үшін үш ай уақытын Астана, Алматы Петропавел қаласында өткізді. Отағасының да оның ұлдарының  да блогтары бар. Қазақстанда көріп, көңілге түйгендерімен олар ұдайы интернеттегі жеке күнделіктері арқылы бөлісіп отырады.

Бір ерекшелігі Джойдың Ақтөбеден бұдан жеті жыл бұрын асырап алған ұлы Метю – естияр. Әрі өзінің қазақ екенін бар жанымен сезінеді. Сондықтан да америкада тәрбиеленіп өскен Метю өзінің алғашқы жазбаларында:

«Мен Қазақстанға барғанда бәрі де менімен қазақша сөйлескісі келетін шығар. Ал мен қазақша білмеймін»

деп мұңаяды. Ал соңғы бір жазбаларын ол Алматыда жүргенде жазыпты. Өзінің кім екеніне үңілген ол: «Мен атақты Шыңғысханның ұрпағы екенмін» деп жар салады.

«Мен Қазақстан өз ұландарын жоғалтты деп ойламаймын», – дейді Ладжой. «Керісінше, ол ұлы даланың әлдебір қалтарыстарында жасырынып қалған дарынды ұрпағына сырт әлемге жол ашып, өзінің туған елін ерекше қастерлеуге, танытуға жағдай жасады.

Осы елден асырап алынған әрбір бала тек асыранды ата-анасының емес, өз халықтарының да бір бөлшегі. Олар ойдан құрылған «Борат» тәрізді елшіден әлдеқайда адал да, жақсы елшілер».

Астана туралы

Астанадағы сәтті сапары туралы Метюдің әкесі Ладжой былай деп жазыпты: «Бізді Александр мен Ирина қимай шығарып салды.Ұшағымыз АҚШ-қа үйге қарай бет алғанда үш ұлымыздың да мойнында Ирина сыйлаған Қазақстан туы бар еді. Ал қолдарында Қазақстанның шиколадтары болды. Біз бала асырап алған сайын осындай мейірімді жандардың ұшырасқанына шүкіршілік етеміз».

Соңғы сапарда олар Қазақстаннан  екі қыз баланы асырап алу үшін келді. Оның бірі – Олеся, екіншісі – Анджела.

Қазақстан мен оның басшыс жайлы

Қазақстан жайлы өзінің ойларын Ладжой былай сабақтайды: «Білмейтіндер үшін айтып қояйын. Қазақстанның Совет Одағынан тәуелсіздігін алғалы жалғыз президенті бар. Асылында ол өз еліне көп жақсылық жасағандықтан оны көпшілік жақсы көреді.

Тәуелсіздіктің алғашқы он жылында көпшіліктік көкейінде ел кеңес одағынан соң әрі қарай дамып кетеді дегенге сенім аз еді. Бірақ қазір күдік-күмән сейілді. Мен сөйлескен жандардың бәрі оны Қазақстан үшін көп еңбек еткен, жақсы басшы ретінде мақтады.

Өзгерістер келіп жатыр. Адамдар қазір оның жемісін де көре бастады және оның соңынан ергендердің қорқынышы да аз.

Бәйтеректің дәл ортасында күннің шуағы түскен алаңда тұрғанда, менде осы елде дүниеге келген ұлдарыма қарап тұрып, ұзақ жылдар бойы осы ұлдарымның әкесі болған Президент Назарбаевқа деген үлкен құрмет пайда болды. Бәлкім бұл ерсілеу естілетін шығар десе де, дәл осы кісі маған осындай керемет отбасы сыйлап, оларың қарны тоқ, көйлектері көк болып, жақсы білім алуына мүмкіндік берумен қатар, отбасы жылуын сезінуге мұрша берді. Бір күні Қазақстанда ешқандай да жетімдер үйі қалмас деген үмітпен Доминик екеуміз осы ұлы ұлтқа деген мәңгі қарыздар болып өтерміз».

Анашым, мен Қазақстанды сағынамын

Астана да шетелдіктердің үлкен қызығушылығын тудырған. Өз сөзінде америкалық Астананы көлікпен аралап шыққанда, өмірімде көрмеген ғажап ғимараттардың куәсі болғанын баяндайды. Сұңғыла дизайн мен архитектурасы өзіне баурағанымен бөліседі. «Ақтөбе, Орал, Петропавел, Бішкек және Алматыдан кейін Астана олардың бәрінен де ерекше сезім сыйлады. Бұл қалада үлкен үміт бар. Ол жаңа, сұлу, және үмітке толы. Біз үшін сапарымызды осындай әсем көріністерді жүректерімізде сақтап қалуымыз ерекше маңызға ие еді. Себебі біз бұл арқылы Қазақстанның келешегін көре алдық» дей келе:

«Мен жаңа ғана осы Астана менің бір ұлыма ерекше әсер бергенін аңғардым. Метью: «Анашым, мен Қазақстанды сағынамын» деді.  «Неге Метью?» деген сұрағына ол: «Себебі мен мені тойдырған жерді, туған елімді сағынамын. Себебі бұл ел өте әдемі. Әрі мен бұл елге енді қайтып келмеймін ғой» депті.

Оқырман тілегі

Қаршадай бала қазірдің өзінде өзекке тепкен елін қайтсе де сағынатынын айтады. Аталған жазба интернетте жарияланғандықтан оған пікір қалдырғандар да баршылық. Солардың бірі Лаел есімді оқырман: «Мен Метью бір күні осы елге қайтып оралады деген болжам жасағым келеді. Оған дейін сендер оған айналасына өзгерістер әкелере адамзаттың ұлы болу үшін күш қуат пен махаббат сыйларсыңдар» деп өз ойын білдірген.

P.S. Метюдің өзінің жеке блогы бар. Ол Kazakh kid, яғни Қазақ баласы деп аталады. Өз блогында он бір жастағы америка отбасында өмір сүріп жатқан бүлдіршін ойларымен үнемі бөлісіп отырады. Бір сөзінде ол: «Мен Шыңғысханның ұрпағымын» депті.

“Бота” қорының білім гранттары
Шетелдегі бір байлардың ақшасы елге кері қайтарылады деген. Бірақ ол ақша осындай бір қайырымдылық мақсатта жұмсалуы керек-ті. Сөйтіп “Бота” атты қор құрылған. Бұл қор білім беруге жәрдемдесумен айналысады. Төмендегі ақпаратты оқып шығып, мүмкін болса, қажетті деп тапқан жандарға да жіберуіңізді сұраймын.

БІЛІМ ГРАНТЫ БАҒДАРЛАМАСЫ 2010-2011 ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН БАЙҚАУДЫ АШЫҚ ДЕП ЖАРИЯЛАЙДЫ

2010 жылдың 15-ақпанынан бастап «БОТА» қоғамдық қорының Білім гранты бағдарламасы 2010-2011 оқу жылына арналған байқауды ашық деп жариялайды.  Өтініштер  биылғы жылдың 9-сәуіріне дейін қабылданады.

Бағдарламаның нәтижесінде 100-ден астам үміткер білім грантының иегері атана алады. Грант жыл сайын ұзарту мүмкіндігімен бір жылға беріледі. Грант жеңімпаздарының есімдері тамыз айында белгілі болады.

Білім гранты бағдарламасы әлеуметтік көмекке зәру, бірақ сабақ үлгерімі бойынша жоғары көрсеткіштерге ие азаматтарға Қазақстанның кез келген колледждерінде не ЖОО-да білім алуға мүмкіндік береді. 2009 жылы «БОТА» қорының Білім гранты бағдарламасы тарапынан бағдарламаның академиялық және қаржылық талаптарына жауап беретін 87 грант бөлінді.

Толығырақ мына сайттан оқуға болады.

Құтырған менеджерлер
Елімізде әртүрлі қаржы құрылымдары құрылған. Солардың бірі «Ұлттық Инновациялық Қор» АҚ мен «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ деп аталады. Аталған қорға бюджеттен 70 млрд. теңге бөлінген. Бірақ сол ақша тағы да желге ұшты

«Түркістан» газетінің тілшісі басылымның соңғы санында Нәзия Жоямергенқызы «Банктердегі депозиттердің тасасында не жатыр?» деген сауалға жауап іздеген. «Айналдырған екі жылдың ішінде инвестициялық және инновациялық екі қор басшыларының кесірінен 25 млрд.тан астам теңге ысырап болыпты» дейді автор.

Мақалаға Есеп комитеті төрағасының бюжет ақшасының қалай жұмсалғандығына қатысты деректер арқау болған. «Кезінде мемлекет тарапынан 70 млрд. теңге салынған «Ұлттық Инновациялық Қор» мен «Қазақстанның инвестициялық қорының» басшылары қатаң сынға алынған. Себебі бұл екі компанияға 121 жобаға бөлінген қаржының тек бесеуі ғана іске асырылған. Әрі 25 млрд.тан астам теңге шығын келген. Сондай-ақ, қорлардың жобасынан түсуі тиіс 11 млрд. теңге бюджетке кері қайтпаған». Бір қызығы, «Түркістан» басылымының жазуынша Инновациялық қордың басшылығы құрылғалы бері 6 рет, ал инвестииялық қорда 5 рет ауысқан. «Айналдырған екі жылдың ішінде 25 млрд. астам теңгені желге ұшырған 11 басшының ешқайсысы мемлекетке келтірген шығындары үшін жауап бермеген. Керсініше, қалталарын аса ірі көлемдегі бонустар мен сыйақыларға толтырған».

Есеп комитетінің төрағасы осы орайда, өз міндетін атқара алмаған менеджерлерге берілген сыйақылар мен бонустарды кері қайтарып алу керек дейді.