Автор болғыңыз келсе
Neweurasia.net - 2004 жылы негізі қаланған [ағыл.] Орталық Азия елдерінің талантты блогшыларының басын қосқан жоба. Neweurasa.net қазақ, ағылшын, орыс, қырғыз, өзбек, тәжік, түрікмен тәрізді 7 тілде хабар тарататын әлемдегі жалғыз блог жоба. Жазбалардың барлығы ерікті жас журналистердің күшімен жазылады.
Егер блог арқылы өз үніңді әлемге естіркің келсе, әрі жаңа медиадағы кәсіби біліктілігіңді шыңдағың келсе, Neweurasia.net сайтына автор болуға шақырамыз. Жобаның қазақша нұсқасына ат салысу арқылы:
- жазбаны қалай сауатты жазу керектігін,
- мультимедиалық өнімдерді (үнхабар, видеокаст) қалай әзірлеу керектігін түсініп,
- әлеуметтік желілерді құрал ретінде қалай пайдалануға болатынын үйренесіз
- сонымен қатар әлемдік деңгейдегі жобаға үлес қосу арқылы жаңа әріптестермен танысасыз
Егер Neweurasia.net жобасына қазақ тілінде жазба жазып, үлес қосамын десеңіз:
1. Әуелі askhat@neweurasia.net хат жолдау керек. Ол Сізге логин пен пороль жолдайды.
2. Пороль мен логинді алған соң http://neweurasia.net/kazakhstan/wp-admin сілтемесіне кіресіз.
3. Пайдаланушы аты мен поролін енгізесіз.
4. Write a post деген түймені басып, мәтін енгізесіз де, жариялайсыз.
5. Жарияланған мәтініңізді көру үшін http://neweurasia.net/kazakhstan сілтемесін басасыз.
Қосымша ескерту:
*Егер мәтініңіз тым ұзақ болса, оның негізгі бөлігін жариялап, қалған бөлігін жасыру үшін more деген түймені пайдаланған ыңғайлы.
*Сол жақтағы бағанда мақаланы оңай табу үшін айдарлар реті көрсетілген. Мақалаңыздың мазмұнына сай айдардың атын тіркейсіз немесе жаңа айдардың атын жазасыз.
* Қазақ қаріптері Windows XP бағдарламасында жақсы жұмыс істейді. Сондықтан кей кездері қазақ мәтіндері компьютеріңізде дұрыс көрінбесе қатты алаңдамаңыз.
* Қандай да бір сауалдар болса, Асхатқа хат жазыңыз!
соңғы пікірлер